Президент әкімшілігінің бұрынғы шенеунігі Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты

11.06.2020, 00:09

4

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының 14 мамырда шығарған қаулысымен мерзімінен бұрын босап шықты. Сот қаулысы 30 мамырда күшіне енген. Бұл туралы Азаттыққа Нұр-Сұлтан сотының қызметкерлері хабарлады.

"Қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және «мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етті» деп айыпталған президент әкімшілігінің бұрынғы жоғары шенді қызметкері 2017 жылы 5 жылға сотталған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің Азаттыққа айтуынша, Бағлан Майлыбаев Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторынан 30 мамырда босап шыққан. Ол 1 жыл 4 ай 21 күн түрме жазасы қалған кезде босап шыққан.

Әкесі Асаубай Майлыбаев Азаттық тілшісіне түрмеден босап шыққан ұлының жағдайы қалыпты екенін айтты.

Былтыр наурыз айында Есіл аудандық соты Бағлан Майлыбаевтың қоныс колониясына ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын.

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев 2017 жылы қаңтардың 12-сі күні қызметінен босатылған. Бірнеше күннен кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевтың "Қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану" және «Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған.

Майлыбаев президент әкімшілігінде идеология және ішкі саясат мәселелеріне жауапты болды. Оның соты жабық өтті. 2017 жылы сот түрме жазасымен бірге Майлыбаевқа дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруға да үкім еткен. Онымен бірге ұсталған президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Николай Галихин шартты түрде сотталды.

Мамыр айында Майлыбаевтың түрмеден босап шыққаны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланбады. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа ресми сауалсыз жауап беруден бас тартқан.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34