Бурундиді 15 жыл билеген президент көз жұмды. Нкурунзиза 2018 жылы өзін "ұлт көсемі" жариялаған

11.06.2020, 00:09

3

Бурундидің 55 жастағы президенті Пьер Нкурунзиза жүрегі ұстап қайтыс болды. Ол әлемнің ең кенже дамыған елдерінің бірі – 11 миллионнан аса халқы бар Бурундиді 15 жыл басқарды. Нкурунзиза елді құдайдың қалауымен басқарамын деп талай мәлімдеген.

Бурунди басшысы өткен сенбіде халінің нашарлауына байланысты ауруханаға түсіп, дүйсенбіде көз жұмды.

Ел конституциясында бір адамның екі реттен артық президент болып сайлануына шектеу қойылған. Алайда 2015 жылы Нкурунзиза бірінші жолы өзін халық емес парламент сайлағанын алға тартып, үшінші рет сайлауға түсетінін мәлімдеген болатын.

Нкурунзизаның бұл шешімі үлкен толқуға әкеліп, ел әскері төңкеріс жасамақ болды. Алайда президент өз қарсыластарын жаншыды. BBC-дің хабарлауынша, 1200 адам қайтыс болып, 200 мың адам көрші елдерге қашқан.

2018 жылы Нкурунзиза ел конституциясын өзгертіп, президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға ұзартты. Елде оның төртінші сайлауға түсуі мүмкін деген күдік болған. Бірақ Нкурунзиза биыл мамырда өткен сайлауға қатыспай, өзін «көсем» жариялап, ел президенті өзімен ақылдасатындай еткісі келді.

Пандемия өршіп тұрған кезде өткен 20 мамырдағы сайлауда Нкурунзизаның ізбасары Эваристе Ндаишимие жеңіске жетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34