Нұр-Сұлтанда акцияға шыққан белсенділерді арнайы жасақ ұстап әкетті

10.06.2020, 12:44

36

10 маусымда күндіз Нұр-Сұлтандағы Еуроодақ өкілдігі ғимараты алдында наразылық акциясын өткізген он шақты азаматтық белсендіні полицияның арнайы жасағы ұстап әкетті. Оларды қайда әкеткені туралы полиция ақпарат бермейді.

Сәрсенбі күні түс кезінде Еуроодақ өкілдігі ғимараты алдына жиналған белсенділер 6-маусымда митингіден кейін ұсталғандарды босатуды талап еткен еді. Олар Қазақстанда сөз бостандығы, адам құқығы сақталмай отырғанын сынап, өздерін Еуропа елдері естиді деп үміттенетінін жеткізді.

Олардың қолында қазақ, орыс, ағылшын тілінде «Еуродақ, Қазақстан халқымен бірге бол!», «Руслан Нұрқанов, Айбек Сәбитов, Дархан Өмірбаевқа бостандық!» деген жазуы бар, есектің суреті, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті салынған плакаттар болды.

Белсенділер плакаттарын жайып үлгермей жатып, аты-жөнін айтпаған адам алыстан куәлік көрсетіп, дауыс күшейткішпен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне ескерту түспегенін, акцияның заңсыз екенін айта бастады.

— Тоқаевты Назарбаев қойған. Біз бұған келіспегенбіз. Бізбен келіспей, мына Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласына айналдырған. Оған да келіспегенбіз. Назарбаев жүйесі жойылсын! Полиция қайта құрылсын! Полицияға наразымыз! Біз полиция еліне айналып жатырмыз, — деп айқайлады азаматтық белсенді Зүбайда Сейдахметова.

Оны жанындағы адамдар қоштап, 6 маусымда күшіне енген бейбіт митинг туралы жаңа заңды да сынап, құжаттың митингіге шығуды бұрынғыдан да қиындатып жібергенін айтты.

Жиналғандар арасында соттардың онлайн өтуіне наразылық білдіргендер де бар. Нұр-Сұлтан тұрғыны Зейнеп Шәкірғанова сапасыз соттар салдарынан ұлының құқығын қорғай алмай отырғанын айтып, шағымданды.

Наразылық білдіргендерге Есіл аудандық санитарлық эпидстанция басшысы Арман Құрбанов келіп, карантин жағдайында адамдардың топ болып жиналуы заңсыз екенін ескертті.

Нұр-Сұлтандағы Еуроодақ өкілдігі алдындағы акция жасағандарды ұстап жатқан арнайы жасақ. 10 маусым 2020 жыл. /> Нұр-Сұлтандағы Еуроодақ өкілдігі алдындағы акция жасағандарды ұстап жатқан арнайы жасақ. 10 маусым 2020 жыл.

Бұдан соң полицияның арнайы жасағы белсенділерді сүйрелеп, бірнеше автобусқа отырғызып, алып кетті. Олардың арасында Динара Мүбарак, Фариза Беспаева, Алтын Еспаева, Бибігүл Тұяқова, Анна Шүкеева, Серік Жахин, Марат Мұсабаев, Айдар Сыздықов, Марат Темірбеков, Зүбайда Сейдахметова, Алтын Юсупова, Зейнеп Шәкірғанова бар.

Азаттық тілшісі сол жерде жүрген полиция қызметкерінен оларды қайда апаратынын және қандай шара қолданатынын сұраған еді. Бірақ ол жауап беруден бас тартты. Аты-жөнін де айтпады. Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті сауалды жазбаша жолдауды сұрады.

Нұр-Сұлтандық белсенділер 8 маусым күні де уақытша қамау изоляторы алдында осыған ұқсас акция өткізген еді. Олар босатуды талап еткен белсенділердің бірі Дархан Өмірбаевтың қамауда жатып аштық жариялағанына бес күн болған. Бұл туралы абақты қызметкерлері де растап, оның денсаулығы жақсы, дәрігерлер бақылауында екенін айтқан.

6 маусымда Қазақстанда бір-бірін мойындамайтын тіркелмеген оппозициялық екі топ — “Демократиялық партия” және Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы митинг ұйымдастырмақ болған еді. Алайда полиция олардың бір бөлігін белгіленген орынға жеткізбестен ұстап әкеткен болатын.

Оқи отырыңыз: Билік оппозиция митингісіне шыққандарды алаңға өткізбей, жүзден аса адамды әкетті

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57