Ресей актері Ефремов кісі өліміне әкелген көлік апатынан кейін қамауға алынды

10.06.2020, 12:38

51

Мәскеу соты актер Михаил Ефремовты қамауға алды. Ол кісі өліміне әкелген көлік апаты бойынша күдікті. Мұның алдында тергеу бөлімінің күдіктіні үй қамағында ұстауды сұрайтыны хабарланған болатын.

Көліп апаты 8 маусым күні кешке Мәскеу орталығында болған. Ефремов жүргізген көлік жоғары жылдамдықта қарсы жолға шығып кетіп қарама-қарсы келе жатқан фургонмен бетпе-бет соғысқан. Фургон жүргізушісі – 57 жастағы Сергей Захаров ауруханада жатып көз жұмды.

Актер оқиға орнынан ұсталып, медициналық тексеруге жіберілді. Кейіннен медициналық экспертиза оның мас болғанын растады. Полиция Евремовты босатып, келесі күні таңертең тергеуге шақырған, бірақ актер келмеген. Полиция оның үйіне барып, қамауға алды.

Мәскеу полициясы Ефремовке қарсы көлікті мас күйінде айдап, кісі өліміне әкелген апаттың себепшісі ретінде іс қозғап отыр. Сот актерді кінәлі тапса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Михаил Ефремов – театр және кино актері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51