Oyan, Qazaqstan жастары Әсия Төлесова сотын онлайн көрсетуді талап етті

11.06.2020, 01:06

7

Сәрсенбі күні түстен кейін Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының 15 шақты өкілі Алматы қалалық тергеу сотының алдында наразылық өткізіп, белсенді Әсия Төлесоваға бұлтартпас шара қолдануға байланысты сотты онлайн көрсетуді талап етті.

Қолдарына "Әсияны босат!", "Әділ сот" деген жазуы бар плакат ұстаған жастар белсендінің соты іште өтіп жатқан кезде ғимарат сыртында «Онлайн трансляция» деп айқайлады.

«Билік өкілін қорлау» бабы бойынша күдікке ілінген белсенді Әсия Төлесова осы апта басында уақытша қамау изоляторына қамалған болатын. Бұған дейін тергеуші оны сот басталғанға дейін қамауда ұстау туралы өтініш түсірген. Ал қорғау тарабы Төлесова күдікке ілінген бап бойынша ең көбі үш жыл түрме жазасы қарастырылғандықтан тергеушінің өтініші негізсіз деп айтқан. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, қамау шарасы кемінде бес жыл жаза қарастырылған күдіктілерге қатысты қолданылады.

Алматы қалалық тергеу сотының алдында белсенді Әсия Төлесованың сотын күтіп отырған Oyan,Qazaqstan белсенділері. Алматы, 10 маусым 2020 жыл. /> Алматы қалалық тергеу сотының алдында белсенді Әсия Төлесованың сотын күтіп отырған Oyan,Qazaqstan белсенділері. Алматы, 10 маусым 2020 жыл.

Әсия Төлесоваға бұлтартпас шара қолдану туралы сот 10 маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында күндізгі сағат 15.00 шамасында басталған. Сот онлайн түрде өтіп жатыр, бірақ судья қорғау тарабына соттан онлайн трансляция жасауға мүмкіндік бермеген.

Сәрсенбі күні сотты онлайн көрсетуді талап еткен Oyan, Qazaqstan жастарына сот қызметкерлерінің бірі шығып, "өзге процестерге кедергі келтірмеу қажеттігін" айтып еді, жастар «талаптары орындалмайынша ғимарат сыртынан кетпейтінін» айтты.

Белсенді, Almaty Urban Air ұйымының жетекшісі Әсия Төлесова 6 маусым күнгі митингіге байланысты полицияда тергелгеннен кейін дүйсенбі күні түнде ұсталған. Оның үстінен «Билік өкілін қорлау» және «Билік өкiлiнің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында өмiрiне не денсаулығына қауiпті емес күш қолдану» бабы (378, 380) бойынша іс қозғалған.

Бұл баптар бойынша, ең ауыр жаза — 3000 АЕК (8,1 млн теңге) айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына я 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Осыған дейін желіде Төлесованың жанында тұрған полицияның фуражкасын қағып қалған сәті көрінген видео тараған еді. Бұл оқиға 6 маусым, елде билікке қарсы наразылық кезінде түсірілген. Жақтастарының айтуынша, белсенді сол күні полицияның наразы азаматтарға күш қолдануын тоқтатпақ болған. Бір-бірін мойындамайтын екі оппозициялық ұйымның митингілері өткен күні Төлесованы полиция екі рет ұстаған. Ол өзге жастармен бірге ұсталғандарды босатуды талап еткен. Бұған дейін құқық қорғаушылар сол күні полицияның Әсия Төлесованы күшпен бөлімшеден шығарып жібергенін хабарлаған.

Қазақстандағы билікке қарсы митингіде полиция наразыларды қалай ұстады? Фотогалерея

Қазақстандағы билікке қарсы митингіде полиция наразыларды қалай ұстады?

<div data-lbox-gallery-item-src=«gdb.rferl.org/0287ADB0-0616-482C-8E4F-DE3E9E707DF6_w1024_q10_s.jpg» data-lbox-gallery-item-title=«Алматыда ұсталғандардың арасында тіркелмеген "Көше партиясының" жақтастары да бар. 19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Бұған дейін белсенділер "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген.»> <div data-lbox-gallery-item-src=«gdb.rferl.org/0A51B651-CC92-460C-977E-379C5423A785_w1024_q10_s.jpg» data-lbox-gallery-item-title=«Наразылық шарасы елде "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді. Бұған қоса, бұл митинг — елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай аяқталған соң өтіп жатқан алғашқы шара. »>
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34