Жамбылда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС құрылды

10.06.2020, 15:51

40

Өңірде «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласындабіршама құрылымдық өзгерістер орын алғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз.Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Ақ жол»газетіне арнайы келіп, облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» жастаргазетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері қахында, қазіргібаспасөзге қойылатын талаптар  жайлыкеңінен баяндады.

«Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсатымызорталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау. Сол арқылы журналистердің табыстыжұмыс жүргізуіне мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта қаламақыны, үстемақыны көбейтужағдайын да қарастыратын боламыз. Бұл бір жағынан заманның талабы. Облыстағы үшгазеттің де өзіндік тарихы бар. Журналистер қашанда халық пен биліктіңарасындағы үнкөпір болып қала бермек. Өздеріңіз бағамдап отырғандарыңыздай,бүгінгі уақыт тынысы өзгерді. Ақпарат таратуда тек жеделдік керек. Ізденіс болу қажет. Газеттер шығармашылық тұрғыдадайындалған, ел есінде қалатын кесек–кесек туындыларды жариялауға ұйытқы болуықажет. Қарап отырсақ, ауданда, ауылдарда түрлі салаларда қордаланған мәселелеркөп. Сол жағын да журналистер назарға алуы тиіс. Олармен кері байланыс орнатужайын да ойластырған жөн.  Жаңа құрылымболған соң, оқырман үлкен өзгерістер күтеді. Осыған орай, газеттер жаңашаформатпен, үйлесімді безендіріліп  шығуыкерек. Сіздердің осы міндеттердің үддесінен табылатындарыңызға сенімімкәміл», — деді Ержан Жұматұлы.

Сондай-ақ, ол «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңдиректоры болып, жас та болса тәжірибесі қалыптасқан, өзіндік көзқарасы баразамат, белгілі журналист Нұрбек Бекеннің тағайындалғанын, ал облыстық «Aq jol»газетінің бас редакторы қызметі Оралхан Дәуітке жүктелгенін, «Знамя труда» және«Арай» газеттеріне бұрынғысынша Татьяна Борисенко мен Дәулет Төленді басшылықетенін айтты.

Ақпаратсаласының майталманы, қаламы жүйрік журналист — Оралхан Дәуіт бұған дейінғасырға жуық тарихы бар «Жас Алаш» газеті Бас редакторының орынбасары қызметінабыроймен атқарған. «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісіжәне «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағыменшікті тілшісі болып та қызмет атқарды.

Келесі кезекте сөз алған Оралхан Дәуіт жаңа медианың жұмысына сәттілік тілеп, жүз жылға жуық тарихы бароблыстың бас басылымы –  «Aq jol»газетінің шығармашылық әлеуетін жақсартуға аянбай еңбек ететіндігін,әріптестеріне деген ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бұл жиын журналистермен жылы жарқынжүздесіп, пікір алмасудың соңы еместігін, бүгінгідей ашық қоғамда кез-келгентуындаған мәселені ойласып шешуге болатынын баса айтты.


Сөз соңында сенім бар жерде ұжымға артылатын міндеттің де ауқымды екендігіналға тартты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04