Семейдің әкімі ән бұлбұлын алдады

11.06.2020, 11:58

15

 Қазақ өнерініңкөгінде өзгеше даусымен дараланып, таланты әлемге ерте танылған өнер жұлдызыБибігүл Төлегенованы таныстырып жатудың өзі артық. Бүгінде жасы 90-ға толса да,тұғырынан таймай, бұлбұл үні сайрай, сахна төрінде аңызға айналған сарасаңлақтың орны қашанда биікте. 1946 жылы Семей ет комбинатында еңбек жолынбастаған қаршадай қыз «Гауһартас»пен «Жиырма бес» сияқты халық әндерін тамылжыта орындап, айналасын тәнтіеткен еді. Талант есімінің танылуына сол кезде Семейде тұрған орыс жазушысы Г.Серебриякованыңсебепкер болғанын атап айтқан жөн. 1936-37 жылдары «халық жауының» әйеліретінде қуғындалған Серебриякованың Семей қаласында тұрған кезінде БибігүлАхметқызының даусын алғаш танып, бағыт сілтегенін алдағы жылдарда түбегейлізерттеген артық болмас.

 Ал біздің айтпағымыз – аты аңызға айналғанән бұлбұлына айрықша құрмет көрсетілетінін өткен жылы естігенімізбен, оның жайсөзге айналғаны. Яғни Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің бастамашы болуыменбылтыр Семей қалалық мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетінінестігенде бестегі баладан белі бүгілген қартқа дейін қуанған болатын. Алайдақала басшысының жалпақ жұртқа жар салып айтқан уәдесінің орындалуына не кедергіболып отырғаны әлі күнге дейін түсініксіз. 

Ал былтыр, 2019 жылдың 29 желтоқсанында  ән анасы Бибігүл  Төлегенова 90 жасқа толғаны белгілі. Тап солкезде хас таланттың мерейтойынан он шақты күн бұрын, нақты айтқанда Тәуелсіздіккүні қарсаңында, Семей төрі дүбірлеп жатты. Яғни Семей қаласының төріндегі«Қарағайлы» ықшамауданынан бой көтерген мәдени-спорттық кешеннің ашылу салтанатындаЕрмак Сәлімов қаламыздағы мәдениет сарайына есімі ЮНЕСКО тізіміне енген БибігүлТөлегенованың аты берілетінін сүйіншілей айтқан еді.

Әкім Е.Сәлімовтің сол кезде елді қандайсөзімен қуантқаны БАҚ бетінде, интернет сайттарында әлі күнге дейін сайрап тұр. «БибігүлАхметқызы Төлегенова ХХ  ғасырдыңкөрнекті 20 әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Бибігүл Ахметқызынақұрмет көрсете отырып, біз Семей жерінің шын мәнінде киелі екенін тағы бір ретатап өткіміз келеді. Бізде мақтанатын дүниелер бар», – деді өзінің құттықтаусөзінде Ермак Сәлімов. Сонымен қатар әкім Семейдегі қалалық мәдениет үйінеБибігүл Төлегенованың есімін беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанынбаса айтты», – деп хабарлаған болатын "ҚазАқпарат"

Бұлақжолтай хабар артынша Алматыдағы опера және балет театрында дүбірлеп өткен әнанасының мерейтой қуанышында да айтылғаны елдің әлі күнге дейін есінде. «Халықтың ықыласына мен мың да бір ризамын.Мені көтерген – халық. Жасым тоқсанға келсе де, «қазақтың бұлбұл әнші қызы»атанып отырмын. Менен бақытты адам жоқ», – деп тебіренді аты аңызға айналғанмерейтой иесі.

Дәл осыдүбірлеген қуанышты сәтте сахна төріне шығып, сөз алған қала басшысы ЕрмакСәлімов дүйім жұрттың көз алдында Семейдегі мәдениет сарайына КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың есіміберілетінін тағы да қайталап, талантқа деген құрметін жерлестері атынан тамашажеткізіп тамсандырған еді. Туған қаласы Семейден жерлестерінің ыстық сәлемінжеткізіп, алдағы уақытта қаладағы өнер ордасынан Бибігүл Төлегенованың есіміжарқырап тұратынына шүбәсіз сендірген. Қарамағындағы шенеуніктердің бірі емес,білдей қала әкімінің өзі уәде берген соң, оның көп күттірмей орындалатыны анықсияқты еді. Бұл хабарға сол кезде халықпен бірге, ән анасы Бибігүл Ахметқызыныңөзі де ерекше разы болғаны есімізде.

  Алайда әкім берген сол уәде жылдың соңымен бірге жұтылып кеткендейжым-жырт қалғанын несіне жасырайық. Биылғы көктемде қалалық мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина онлайн баспасөз мәслихатынөткізгенде, қаламыздағы бірқатар мектептерге ұлт тұлғаларының есімдеріберілгенін айтып бір қуантқан. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың, ЫбырайАлтынсариннің, Қаныш Сәтбаевтың есімдері берілген білім ошақтарының тізіміжария болғанда қуанбаған қазақ баласы жоқ еді. Бұл, сөзсіз, тамаша жетістік еді.Бірақ неге екенін кім білсін, өткен жылдың соңында қала басшысы бір емес, екірет айтып қуантқан тамаша жаңалықтың лебі сезілмеді. Яғни ЮНЕСКО көлеміндегі 20әйелдің қатарындағы қазақтың дара әншісі Бибігүл Төлегенованың Семей қалалық мәдениетсарайына аты берілетін күнге жетудің ауылы алыстап кеткендей болды. Басқасыбасқа, күллі қазақ қуанған ән бұлбұлының 90 жасқа толған мерейтойында айтылғанақжолтай хабардың соңы түсініксіз жағдайда көзден бұл-бұл ұша бастағандайболды. Сонда күллі жұрттың алдында мәдениет сарайына әншінің атын бергеліжатқанын айтқан Семей әкімінің уәдесі қайда қалды?

  Мәселенің мән-жайына қанығумақсатымен Семей қаласы әкімінің идеология және әлеуметтік сала бойыншаорынбасары Айдар Садырбаевқа қоңырау шалғанда «ономастикалық комиссия жауабынкүтіп отырмыз» дегеннен өзге мардымды жауап ала алмадық. «Ономастикалықкомиссияға әкім уәде берерде жіберілді ме, жоқ әлде айтқан соң барып жолдандыма?» деген сауалымызға да жарытымды жауап ала алмадық. Әкімнің орынбасарыәкімдіктің бітпейтін жиналыстарының бірі басталып кеткенін айтып, тұтқаны қоясалды. 

 Ал ономастикалық комиссия қарауындамақұлданып, биыл Бибігүл әншінің есімі қала төрінде асқақтайтын болса, солқуаныштың бел ортасында Е.Сәлімовтің өзі бастаған қала шенеуніктері тұратынынакүмән жоқ.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39