Түрме әкімшіліктері құқық қорғаушы Семенованы сотқа берді. Павлодарда тағы бір шағым қаралып жатыр

11.06.2020, 22:19

9

Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі соты құқық қорғаушы Елена Семенованы сотқа берген түрме әкімшілігі өкілдерінің бірінің шағымын қарай бастады. Қостанайдағы УК-161/2 қатаң режимдегі колония бастығының орынбасары Гүлмира Мырзалы «ар-намыс, абырой және іскерлік беделді қорғау» туралы шағымында соттан Семенованың Facebook желісіндегі жазбасын шындыққа сәйкес келмейді деп тануды талап етіп отыр.

Процесс онлайн өтіп жатыр. Істі судья София Хисматуллина жүргізеді. Жауапкер Елена Семенова адвокаты Манарбек Мусиновпен бірге сотқа Павлодар қаласынан қатысып жатыр. 10 маусым күнгі сот отырысында маман Галина Мустакимованың қорытындысы тыңдалды. Процеске шағым беруші жақтан қатысқан маман Семенова жазбасында «Мырзалының ар-намысы, абыройы және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп айтуға болатын сөздер мен тіркестер бар» деген қорытынды жасаған.

Бұдан соң судья 17 маусымға дейін үзіліс жариялады. Келесі отырыста жауапкер тартқан маман сөйлеуі тиіс.

3 маусымда Елена Семенова УК-161/2 мекемесінің бастығы Әсет Шәріпов түсірген "іскерлік беделді қорғау" туралы істежеңілген. Шәріпов те Семенованың тұтқындардың азаптау және медициналық көмек көрсетілмейтіні жайлыжазбасындағы ақпаратты жоққа шығаруды талап еткен.

Бейсенбі, 11 маусымда Павлодардың азаматтық істер жөніндегі сотында Алматы облысы Заречный елді мекенінде орналасқан ЕС-166/4 қоныстандыру колониясының бастығы түсірген шағым бойынша сот өтеді. Бұл шағымға Семенованың осы түрме қызметкерлері тұтқын Михаил Санинді ұрып-соғып, жарақаттады деген жазбасы түрткі болған. Түрме әкімшілігі соттан бұл ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды және жазбаны терістеуді талап етіп отыр.

Бұған дейін де Елена Семенованың үстінен осыған ұқсас бірнеше шағым түскен. Оның екеуі қылмыстық іске айналуы мүмкін.

Елена Семенова — тұтқындардың құқықтарын қорғаумен айналысатын құқық қорғаушы. Осыған дейін билік оның үстінен бірнеше рет қылмыстық іс қозғаған. Семенова істі өзінің құқық қорғау әрекетімен байланыстырған.

2018 жылы шілде айында ол Страсбургте Еуропарламент мүшелерімен кездесу кезінде Қазақстан түрмелеріндегі тұтқындардың күрделі жағдайы туралы айтқан. Кейінірек белгісіз біреулер құқық қорғаушының үйіне жанғыш заты бар бөтелке лақтырған. 2018 жылы қазан айында Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясы депутаттарымен кездеспек болған Семенованы әуежайда ұшаққа жібермей қойды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27