«Қарастырамыз» дейтін әкімдерден қашан құтыламыз?

11.06.2020, 06:07

37

  Қызылорда халқының жағдайы, жалпы, жаман емес. Бірақ кемшіліктер қылтиябереді. Мәселен, 2013 жылдан бері Қазалы ауданындағы ауызсу мәселесі сервистікжеліге қосылмай келеді. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, аудантұрғындары  ауызсудың рахатын көре алмайотыр.

Ауызсуға арналған қаржы неге шешілмейді? Өткір мәселеге жүре қараған басшылықтықалай түсінуге болады? Мысалы, Жанқожа батыр, Майдакөл және Бекарыстан биауылдарының қажетті құжаттары дайындалып, тиісті басқармалар мен министрлікке  ұсынылған. «Ауыл – ел бесігі» арнайыжобасының арқасында Бекарыстан би ауылының сервистік желіге қосылуы енді жүзегеасырылмақ. Аудан басшылары  2013 жылданбері  «қаржы жоқ» деген сөзді желеу етіпкеледі. Осы 2013 жылғы дайындалған сметалық жобаның мерзімі өткендіктен, 2017жылы ол қайтадан дайындалды. Оның да мерзімі аяқталмақ екен. Десек те, міне,  2020 жылдың жартысы аяқталуға жақын. Жанқожабатыр ауылы ең үлкен елді мекеннің бірі.  Қызылорда облысы бойынша тіректі ауылсанатында. Ауылдың жарығы, көшелер мен тазалығы менмұндалап тұр. Биыл ауылдықмәдениет үйі мен көшелерге жөндеу жүргізілмек. Осы ауылдың да ауызсу құбырынсервистік жүйеге қосу мәселесі туындап тұр. 2013 жылдан бері қозғалып, Қазалыауданының әкіміне қайта-қайта айтылды. Алайда  аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бұл мәселеге  пысқырып та қарамайтын сыңайлы.

Ауызсу құбырын сервистік жүйеге қосуды ауыл-елдің  күтіп жүргеніне бақандай жеті жылдан асыпбарады. Жылда ауыл, аудан әкімдері есеп берген кезде беттері шімірікпестенөтірік айтып, елді алдап кетіп жүр. Ауыл әкімдері қайта-қайта өзгеруде. Әкімдерөзгергенімен, мәселе шешімін табар емес. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың әкім болыпкелгеніне екі жылдан асты, халық алдында есеп берді. «Қарастырамыз» дегенжауапты жаттап алған. Еш мәселе шешілер емес. Жанқожа батыр ауылының ауызсуқұбырын сервистік жүйеге қосуға 114 млн теңге керек екен. Туған жеріне жандары шынашыса, ауылдан шығып, кәсіппен айналысып жүрген азаматтар көмек берер ме еді,кім білсін?! Бірақ «жаны ашымағанның басы ауырмас» деген емес пе? Елдің қамынойласа, ең болмаса  «Жол картасы»бағдарламасы аясында үнемделген қаржы есебінен  осы өзекті мәселені шешуге болар еді-ау.Сондай-ақ Майданкөл ауылы да сервистік жүйеге қосылмаған. Жанқожа, Бекарыстанби, Майданкөл ауылдарын сервистік жүйеге қосудың неге ала-құла болғанын адамтүсініп болмайды. Соның салдарынан қаншама халық зарыға күткен ауызсу құбырынанмөлдір судың қашан ағары белгісіз болып тұр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04