Мегаполиске агроиндустриалды аймақ не үшін қажет?

11.06.2020, 06:15

72

Шымкентеліміздегі азық-түліктің бағасы бойынша арзан қала есептеледі. Әсересе, көкөніс пен бау-бақша өнімдерінің құныөзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мұның өз себептері бар.

Кейінгі жылдары мегаполистің айналасында, қалағажақын орналасқан аудандарда жылыжай шаруашылықтары, мал бордақылау кешендеріжақсы дамып келеді. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырып, тұтынушыны арзанәрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен,дәл қазір Шымкентте бір келі қызанақты 200-250 теңгеден, ал қиярды 100-150теңгеден алуға болады. Жергілікті құлпынай, картоп басқа да жеміс-жидектің дебағасы арзан. Шаруалар Шымкенттің жылы табиғатында банан мен лимон өсіруге деболатынын дәлелдеді.

 Алдағыжылдары  Шымкент ауыл шаруашылығыөнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін болады. Қалалық әкімдікмамандарының айтуынша, мегаполисте осы мақсатта бірнеше жоба қолға алынуда. Соныңбірі агроиндустриалды аймақ құру. Қалада жаңадан құрылған агроиндустриалдыаймақта жалпы инвестиция құны 5,5 миллиард теңге болатын 6 жоба жүзегеасырылмақ. Соның нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Бұданбөлек аймақта салынатын нысандардың құрылысы 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.       Ауыл шаруашылығы және ветеринариябасқармасының басшысы А.Қаныбековтің айтуынша, ауыл шаруашылығы бағытындағыаталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитынжол картасы дайындалған.
  – Жол картаға сәйкес бірінші кезеңдеагроиндустриалды аймақта 30 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушыинвесторларға жер үйлестіруге қажетті құжаттары жинақталды. Өз кезегінде, жекеинвесторлар жылыжай кешенін салу жобаларын 2020-2022 жылдар аралығында жүзегеасыруды жоспарлаған. Ал, екінші кезеңнің жобалары 2025 жылға дейін жүзегеасырылатын болады, – дейді басқарма басшысы.
Осы ретте, қала басшысы агроиндустриалды аймақты дамыту арқылы қаланыңазық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы өнімдерініңимпортталуын азайту қажет екенін айтты. Агроиндустриалды аймақтардықұрудағы басты мақсат – қаламыздың инвестициялық мүмкіндігін арттырып, ауылшаруашылығы саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасау.

Агроиндустриалды аймақта  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдышаруаларға тегін жеткізіледі, кәсіпкерлерге субсидия алуға қолдау көрсетіледі,өнімді тасымалдау мен сақтауды ұтымды ұйымдастырылады. Бұған дейін мегаполисте«Оңтүстік», «Тассай» сияқты индустриалдық аймақтар құрылып, онда өнеркәсіптік,кәсіпкерлік жобалар жүзеге асырылған еді. Дәл осындай жағдай енді ауылшаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлерге де жасалмақ. 

Шымкентте биылдыңөзінде  6 гектарға жуық жылыжай кешені іске қосылып, қаладағы жабықкешендердің жалпы аумағы 200 гектарға жеткен. Жыл соңына дейін тағы 15 гектарөнеркәсіптік жылыжай айналымға қосылады деп жоспарланып отыр. Шаһардағы жылыжайлардың 62 гектарысоңғы үлгіде жабдықталған әлеуетті өндірістер саналады. Кешендер түркиялық, испаниялық қондырғыларменжабдықталған. Бұл жылыжайларда өндірілетін көкөністің сапасының жақсаруынада әсер етеді.
Былтыр Шымкенттегі жылыжайлардан 7200 тонна өнімжиналып, одан түскен қаржы көлемі 2,4 миллиард теңгені құраса, биылғы жылы өнімкөлемін 10 мыңнан тоннадан асыру көзделіп отыр.
Қазіргі таңда жылыжайларға 32,3 миллион теңгеге дейін тыңайтқыштардың құнынарзандату бойынша субсидия беріліп, мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдерінгің берген мәліметібойынша қаланың  агроөнеркәсіп кешеніндебиыл жалпы құны 8,6 миллиард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба қолғаалынғңан. 15 гектар жерге қарқынды алма бау, 20,7 гектарға өнеркәсіптік жылыжайкешені, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқа шығаруды кеңейту мен ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, жеміс-көкөністі қайта өңдеу, ірімшікөндіру кәсіпорнын кеңейту, ұн өндіруді модернизациялау, мал бордақылап, етөндіру және асыл тұқымды етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал кешені сынды жобаларбар.

Қазіргі таңда «Д-Сабыр» жеке кәсіпкерлігіқұны 150 миллион теңге болатын 15 гектарға қарқынды алма бау, «Колесников А.В»шаруақожалығы және «Arman-AGRO» жылыжый кешені, «Тассай құс» және «Шымкент құс»серіктестіктері құс фермаларын кеңейту бойынша жобаларын жүзеге асырды. Қалған14 инвестициялық жобаларда құрылыс жұмыстары жүруде.

Б.ЕРНАЗАР,

Шымкентқаласы.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11