Шалғайдағы шаруаны қолдау керек

11.06.2020, 12:18

2

  Жамбыл облысының  Меркі ауданы бүгінгі нарық талаптарына сайжұмыс істеп, мемлекеттік бағдарламаларды сәтті іске асырып келе жатқан алдыңғықатарлы аймақ. Әсіресе өңірде шағын және орта бизнеске, жаппай кәсіпкерліктідамытуға барынша көңіл бөлінуде.  Ауданәкімі  Өмірбек МЕЙІРХАН мырзамен бүгінгі  сұхбатымыз жергілікті кәсіпкерлердің қолғаалған шаруалары мен түйткілдерін шешуге бағытталған жұмыстар төңірегіндеөрбіді.

– Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бағытындаарнайы бағдарламалар жасалып, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына басымдық беріліпотыр.  Бұл бағытта ауданда шағын жәнеорта бизнесті дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? 

– Шағын жәнеорта бизнеске қолдау көрсету мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020»бағдарламасы іске асырылғалы (2010-19жылдар аралығында) субсидиялау бағыты бойынша 1864 млн теңгені құрайтын 66жоба және жетіспейтін инфрақұрылым тетігі бойынша 411,2 млн теңгені құрайтын 11жоба іске асырылды. 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішіндесубсидиялау тетігі бойынша былтыр 192,7 млн теңгені құрайтын бес жобамақұлданды. Жастар жылына орай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасыныңқайтарымсыз мемлекеттік грант беру тетігі бойынша 19 млн теңгені құрайтын 10жоба, атап айтқанда екі жылыжай, екі бөдене шаруашылығы, қолғап өндірісі, саудабөлімдерін құру, компьютерлік қызмет көрсету, кептірілген жеміс өндірісі, түрлітүсті құрт, сабын өндірісі жобалары іске асырылды.

Соныменқатар 2019 жылы бағдарламаның инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша «Ақ бидай-2»шаруа қожалығына электр жүйесі жүргізілді. Ал 2020 жылдың қаңтар айында жобалыққұны 103 млн теңгені құрайтын бір жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды.Жалпы, 2020-25 жылдар аралығында аудан көлемінде өндіріс саласында жалпы сомасы13 676,5 млн теңгені құрайтын жеті инвестициялық жоба (Меркі минералды суы, қолғап өндірісі, томат цехы, модульді сүт цехы, өндірістікжылыжай, ГЭС құрылысы, құрғақ бие сүті өндірісі жобалары) іске асырыладыдеп күтілуде. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарының саны – 98. 

«Бизнестіңжол картасы – 2020» бағдарламасының қайтарымсыз мемлекеттік грант беру тетігібойынша ағымдағы жылы мамыр-шілде айларында жасы 18-29 аралығындағы жастарарасында өткізілген конкурсқа ауданнан жалпы сомасы 76,1 млн теңгені құрайтын27 жоба ұсынылды. Оның ішінде жобалық құны 19 млн теңгені құрайтын 10 жобажеңімпаз атанып, бизнес жоспарларын іске асыруда.

«Қарапайымзаттар экономикасы» бағдарламасы аясында былтыр 52 млн теңгені құрайтын үшжобаға, биыл 186 млн теңгені құрайтын алты жобаға қолдау көрсетілді. Бұданбөлек, жыл соңына дейін 360 млн теңгені құрайтын бес жобаға қолдау көрсетужоспарланған.

Жалпы, кәсіпжасаймын дегендерге үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау аз емес. Мәселен,бағдарламаның ережесіне сәйкес, облыстық екінші деңгейлі банктен 14,5 пайызмөлшерлемесімен несие берілуде. Бұның артықшылығы – несиенің  50 пайызын кәсіпкер төлесе, 50 пайызы «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидияланады.

Ауылшаруашылығы бағыты бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 15 пайызбен несиеберіліп, оның 10 пайызы субсидияланады, қалған 5 пайызын кәсіпкер төлейді. Алөндіріс саласы бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 15 пайызбен несиеберіліп, оның 9 пайызы субсидияланады, яғни қалған 6 пайызын кәсіпкер төлейді.

– Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыс қалай шешімінтауып отыр? Осы орайда, кәсіпкерліктің пайдасын көріп жүргендер бар ма?

– Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-21 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында ақылы қоғамдық жұмысқа жылбасынан жергілікті бюджет есебінен 240 адамға 12 ай мерзімге 135 867 мың теңгеқаражат бөлініп (айлық жалақы 42 500 теңге), бүгінде 14 ауылдық округтіңтазалық жұмыстарына 235 азаматқа жолдама берілді. Жастар тәжірибесіне жылбасынан алты ай мерзімге 140 азаматқа 55,6 млн теңге бөлініп, 24 азамат 13 мекемеге жолдама арқылы жұмысқа жіберілді.

Жоғарыда айтылған бағдарламалар аясында («Ауыл– ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы») ашылатын жұмыс орны 1290адамды құрайды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 652, тұрақтыжұмыспен 80 адам қамтылады. Уақытша ашылатын жұмыс орнының саны 212-ні құрайдыдеп күтілуде. Бұнымен қоса, жұмыспен қамту орталығына республикалық бюджеттенқоғамдық ақылы жұмыстарға төрт айға жалақысы 85 мың теңгеден 960 адамға 326 400мың теңге, жастар тәжірибесіне 200 адамға 79 530 мың теңге, грантқа 266 адамға141 008 мың теңге берілді. Жергілікті халық жұмысқа алынуы үшін жұмыспен қамтуорталығына тіркелуі тиіс.  Қорыта айтсақ,3000-ға жуық адамға жұмыс орындары ашылады.

    Нәтижелі жұмыспен қамту жәнежаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-21 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасының ІІ бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруғамемлекеттік гранттар да бөлінді. Бұдан бөлек, ауданда жұмыс орындарын ашқанжекелеген кәсіпкерлер тарапынан да жұмысшыларға сұраныстар түсіп жатыр. Соныменқатар «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасыныңІІ бағыты аясында мемлекеттік грант бойынша 2019 жылы 510 адамға (әр адамға 505мың теңгеден (200 АЕК) 256,8 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда өз кәсібін жолғақойды. Ал 2020 жылдың І тоқсанында 50 адамға 27 305 млн теңге қаржы бөлініп,  50 адамға 27,1 млн теңге берілді.  Бұдан бөлек, биыл «Атамекен» кәсіпкерлерпалатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 270 азаматты оқыту жоспарланғанболатын. Елімізге енгізілген төтенше жағдайға байланысты оқыту тек 10 маусымнанбасталады.    

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту»бойынша пилоттық жоба қолға алынған еді. Жобаға Меркі ауданынан Сұрат ауылдықокругі таңдалған болатын. Бұл жоба қаншалықты тиімді болды? Халықтың жаңажобаны қабылдауы қалай және бұл жоба жаппай жалғасын таба ма?

–Бұл жобаныңнегізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегіжерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу болды.  Жоба бес бағыттан тұрады. Сұрат ауылдықокругінің жалпы үй іргесіндегі егіске жарамды 462 ауланың  416-сы жобаға қатысуға ниет білдірді. Малшаруашылығы бағыты бойынша 177 тұрғын жалпы сомасы 492,7 млнтеңгеге мал сатып алды. Үй іргесіндегі жерді игеру және ауыл сыртындағы маазығындайындауға қажетті 19 техника 97,2 млн теңгеге сатып алынды. Округ тұрғыныСәтімбаева Қарақат томат цехын салуға ниет білдіріп, құжатын «Тараз» ӘКК-ғаөткізіп, 9,6 млн теңгенесие алды. Құрал-жабдықтар сатып алу карантинге байланысты кешіктірілуде. Жылыжайсалуға  екі тұрғын 15,7 млн теңге несие алып,құрылыс жұмысын бастады. Бұл жобаның өміршеңдігі – үй жанынан табыс табуындағана емес, жастарды еңбекке баулуында. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру пилоттықжобасын ары қарай жалғасыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымыздаСарымолдаев және Ақермен ауылдық округтеріне талдау жасалынып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына қаражат бөлуге ұсыныс берілді. 

    Қорыта айтқанда, еліміздің өркендеуіне өзүлесін қосып жүрген Меркі ауданының еңбеккерлері шағын және орта бизнессаласында табыстан табысқа жетері даусыз. Қазір қолға алынған алуан түрлішаралар осының айғағы.

– Әңгімеңізгерақмет.

Сұхбаттасқан Жансая ЖҰМАШ,

Жамбыл облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04