Коронавирус: шындық пен сұмдық

11.06.2020, 12:24

3

Наурыздың басында «наконец-то» деп күтіп алған аты жаман дерт күн санап шарықтап өсіп, үш айдың ішінде13 мыңға жетіп қалды. Біртанов айтпаса білмейді де екенбіз, біз бәрімізкарантинде жатқанда аурудың екінші кезеңі басталып кетіпті. Алайда осы дерттенкөз жұмғандар саны 50-ден асып жығылса да, соның өзінде күні бүгінге дейін «бұлсаясат» деп, дерттің бар екеніне сенбейтіндер де жетіп жатыр. Оған не себеп?

Токсикозбен түсіп, табытпен шыққан келіншек

Күні кеше ғана күйеуінің түсіне «денем тесік, мүшем жоқ» деп кіріп, аянберген Гүлмарал туралы ақпаратты бәріміз жарыса оқыдық. Елдің таңғалғаны – токсикозданайығу үшін түскен келіншекті дәрігерлердің коронавирус қылып шығарғаны.  Себебі не күйеуі, не бірде-бір туысы өрімдейжас келіншектің аты жаман індетке шалдыққанына мүлдем сенбейді. Сол себептіоның Қаройға жерленгеніне наразы күйеуі әлі де болса әділеттік іздейтінінайтыпты. Біз осы жайттың анық-қанығын білу үшін күйеуі Серік Джошевқахабарластық. Марқұм келіншегінің қырқын беріп жатыр екен. Болған жайды былайбаяндап берді.

 СерікДЖОШЕВ, марқұм Гүлмарал Сейітханның күйеуі:

Біз өзіміз облыста, Еңбекшіқазақауданы Ақши ауылында тұрамыз. Ол жақ Есік қаласының емханасына қарайды. Бірақмен ол емханаға туған ағамды аяғымен апарып, басқалай алып қайтқанмын. Солсебепті келіншегім енді көтергенде, біз оны Алматыға тіркедік. Гүлмаралдың токсикозықатты болды:  тамақ мүлдем батпайтын, тексу мен «Таң» ғана ішетін. Күні бойы түк нәр татпай, мен жұмыстан келгенде аздапбір нәрсе жегендей болатын. Шыдатпай кеткен соң, 8 наурызға дейін ауруханағабір жатып шыққан. Карантин боп кетті де, ауруханадан шығып, үйге қайттық. Аздапдұрысталғандай көрінді, әйтеуір, есіктің алдында таза ауада аздап ботқа жейтінболды. Соған қуандық. Бірақ қуанышым көпке бармады, келесі күні-ақ тамақ жепотырып аяқастынан былқ-сылқ етті де қалды. Содан жедел жәрдем шақырып, Есіккеапардым. Қала жабық қой, оның үстіне қаладағы аурухана құжаттарды облысқаауыстырамыз деген. Бірақ барсақ, әлі жібермепті. Зорға дегенде, түнгі 12.30-1.00-дердеәрең қабылдады. Олар ертесі күні хабарласып, келіншегімді Алматыға жібердікдеді. Алматыда жағдай ушығып кеткен соң, іштегі баланы алып тастапты.

Келіншектің жаны қалғанына қуанған үй іші ішіндегі баланы сұрайтындайжағдайда болмаған. Дәрігерлердің «баланы алдық, енді жағдайы жақсарады» дегенінеимандай сенген. Гүлмаралдың қасына өзінің туған анасы барып жатқан. Екі күн үйішімен хабарласып, сөйлесіп тұрған. Алайда үшінші күн дегенде оның жағдайы күртнашарлап кетіп, жансақтау бөліміне алып кеткен де, ақыры, не керек, 16 наурызкүні үй ішіне «дайындала беріңдер» дегендей суыт хабар жеткізген. Алайда кейінөздері «бәрі жақсы, алаңдамаңыздар, Гүлмарал ұйықтап жатыр» деп, ешкімменсөйлестірмей қойған. Содан не керек, соңында, 1 мамыр күні «қайтыс болды» дегенжаман хабарды естірткен.

Біз соңына дейін Гүлмаралды баланыалғанды көтере алмай, көз жұмды деп ойладық. Сол себепті қайтыс болды дегенді естіп, «тағдырдың жазуы ғой» деп, денесіналуға бардық. Міне, осы кезде біз таңғалатын жағдай орын алды. Дәрігерлер оныңденесін бермей қойды. Не бетін ашып көрсетпеді де. Не үшін деп сұрап едік, «коронавирус»деді. Шыны керек, ол хабарды естігенде үстімнен біреу мұздай су құйыпжібергендей сілейіп тұрып қалдым. Қалайша?  Мүмкін емес! Ауруханаға аяғы ауыр болып,токсикозбен түскен адам ғой. «Баланы алып тастаған соң, ағзасы көтермеді» десе бірсәрі, ал коронавирус?! Кешіріңіздер мені, ол оны қайдан жұқтыруы мүмкін? Жә,солай бола қойсын, ол өте жұқпалы дерт деп  күнде қақсайды. Ендеше, менен не басқа датуыстарынан неге анализ алмайды? Мен соған таңғалам. Және ол нәрсеге мүлдемсенбеймін. Оның үстіне денесін жер қойнына тапсырған соң, келіншегім түсімекірді, ұл баланы құшақтап алыпты, «атын Құрбанәли деп қойдым» дегенін анықестідім. Ал мамамның түсіне кіріп, «ішім тесік, апа» депті. Демек, іш құрылысымтүгел емес дегені ғой. Онсыз да көңілімізде күдік көп еді, бір емес, үш адамныңтүсіне кіріп, «ішім тесік» деген соң, онда ағзаларын алып қойған дегенқорытындыға келдік. Мейлі, ақыры өлді, дене мүшесін алса алсын, бірақ денесінбізге берсе болар еді ғой. Біз арулап жуып, жаназасын шығарып жерлер едік.Менің ішімді удай ашытатыны осы нәрсе. Әлі де болса мен дегеніме жетем, оныңденесі Қаройда жатқанда не марқұм келіншегім, не өзім тыныш тауып жатаалмаймын. Мен сотқа беріп, әйелімді қаздырып алып, арулап көмемін, – дейдімарқұмның жұбайы.  

«Анамды түн жарымда жерледім»

Осылай дегенӘйгерім Әмірееваныңанасы Ғайни Әміреева Алматыдағы №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында ұзақжылдар бойы лифтер болып істеген. Яғни науқастарды жоғарыға көтеріп, төменгетүсіріп отырған. Ал аталған аурухана осы дертке шалдыққандардың нағыз ортасыболғанын бәріміз білеміз. Сол себепті  Ғайни Әміреева бір емес, бірнеше рет вирусқа сынама тапсырып, теріснәтиже шыққанын айтыпты қызына. Алайда 16 сәуір күні түн жарымда ҒайниӘмірееваны аурулармен байланыста болды деген себеппен жұқпалы ауруларауруханасына алып кеткен. Ауруханаға түскен алғашқы күндері Ғайни өзініңжағдайы жақсы екенін, еш жері ауырмайтынын айтып, балаларына қоңырау шалып,сөйлесіп тұрған.  Тек соңғы күндері ғанаөзін жайсыз сезініп, үй ішімен мүлдем хабар үзілген.

Әйгерім ӘМІРЕЕВА, марқұм Ғайни Әмірееваның қызы:

–  Қайтыс боларынан бір апта бұрын ғана біз ол кісінің инсульт алғанынбілдік. Содан күні бүгінге дейін асыл анамыздың неден көз жұмғанын түсінбейкелеміз. Себебі күдік туғызатын жайттар өте көп. Біріншіден, анамды ауруханаға16 сәуір күні алып кетті. Бірақ кейін қарасақ, 14 сәуірде ауруханаға жатты деп көрсетіпті.Екіншіден, қайтыс болғанын естіп ауруханаға барғанымда, қарауыл қызметі анамдыбасқа адаммен шатастырып алғанын айтып, «Ойбу, Ғайни әпкені алып кетті ме?» депсан соғып қалды. Жарайды, вирустан көз жұмды делік, онда неге дұрыстап құжатберіп, коронавирустен көз жұмғандарға берілетін 10 млн теңгені бермейді?Сұрасақ, «анаңыз медициналық қызметкер емес» деп қысқа қайырды.Осыған қаттыашуландым, «не деп тұрсыздар, менің анам өмір бойы осы ауруханада істеді, ендікеліп сіздер оны ауруды көшеден жұқтырды дегілеріңіз келе ме? Әлде жеделсатыкөшеде ме? Бәрін біліп тұрсыздар, бірақ ақша бермеу үшін осылай шыға келдіңіздерме?» дедім, – дейді Әйгерім Әміреева.   


Аталған екі жағдайда да марқұмдардың туған-туыстары наразы әрі көңілдеріндекүдік мол. Әйгерім әлемде коронавирус деген аурудың барына сенеді, анасының дааталған вирусты ауруханада жұқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда оныашындыратын бір жағдай – дәрігерлердің, нақты айтқанда, анасы саналы ғұмырынарнаған №12 аурухана басшылығының әділетсіздігі және науқастардың жақындарынадұрыс ақпарат бермей, көп нәрсені бұрмалауы. Тіпті қарауылдың «анаңдышатастырып алдық» дегенінің өзі көптеген сұрақтарға жетелейді. Кімменшатастырып алды? Қалай? Осы сауалдың түбін зерттей келе білгені, ҒайниӘмірееваны осы №12 аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі ГауһарӘміреевамен шатастырып алған болып шықты. Біз барлығымыз осы бір дәрігердің«мен ауру емеспін» деп, күллі әріптестерін жинап, наразылыққа шыққан видеосынкөрдік, ол әлеуметтік желі арқылы жер әлемге тарап кетті. Сонда бұл жердетүсініксізі – расымен де, кімнен  дертанықталды? Ғайни Әмірееваны Гауһар Әміреевамен шатастырып алып кетіп, содан соңмарқұм ауруханада жұқтырды ма екен деген күдік қылаң береді.

Ал енді марқұм Гүлмарал Сейітханның жағдайы мүлдем бөлек. Оның өлімі өзалдына бір жұмбақ. Ауруханаға өз аяғымен сап-сау кеткен келіншекті осындайдиагнозбен өлді дегенге үй іші мүлдем сенбейді. Және осы себепті де олар коронавирусдеген ауру қолдан жасалған деген тұжырымға келіп отыр. «Бәлкім, әлемнің басқаелдерінде шын мәнінде бар шығар, бірақ біздің елде оны қандай да бір саясатқаайналдырып отыр. Сондықтан да келіншегімнің сүйегін қайта қаздырып, эксгумация жасатуғақалайда қол жеткіземін. Мен ешкімді сотқа бермеймін, ақшаның да керегі жоқ, текәйелімді арулап жерлесем болды, қалғанын бір Құдайға тапсырдым», – дейдімарқұмның күйеуі Серік Джошев.

Бүгінде ел екі бөлінді: бірі – коронавирусты бар дейтіндер, екіншісі – сенбейтіндер.Екі ай карантинде отырып ашынған ел тіпті бүгінде бір-бірімен ашық қырқысуғакөшкен. «Бар» деп сенетіндер «жоқ» дейтіндерді «ауру тарататындар солар» депайыптаса, «жоқ» дейтіндердің айтар уәжі жоғарыда айтқандай себептерді меңзейді.Осы тұста елімізге дерт келгелі соны зерттеп, әр хабарына арқау етіп жүргенбелгілі журналист Ирина СОВЕТЖАНҚЫЗЫ былай дейді:

Дерт шын мәнінде бар, болғанда дакөбейіп кеткені соншалық –  дәрігерлерқарап үлгере алмай жатыр. Бізде осы дертке қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастыружұмыстары өте нашар. Сол себепті біз қанша рет өтіндік, «не ауруханаға кіргізіңіздер,не ішінен видео түсіріп беріңіздер, ел көрсін, көрмеген соң күмән көбейеді» деп.Бірақ қанша сұрау жіберсек те, онымызды мақұлдамады. Содан соң қазіргі алгоритмбойынша кез келген қайтыс болған адамнан коронавирусқа анализ алынады. Мейлі олүйде, мейлі ауруханада қайтса да. Егер ол коронавирус болып шықса, бірден Қаройғаапарып жерлейді. Түсінбестік, міне, осы жерден туындап тұр. Яғни ресми санаттаол адам жоқ, бірақ денесінен коронавирус анықталған. Оны үй ішіне берейін десе,туыстарына, айналасындағы адамдарға өте қауіпті. Бірақ оны дұрыстап, түсіндіріпжатқан адам жоқ. Ал вирус күн сайын таралып, адамдар тобымен ауырып жатыр.Өзімнің қаншама таныстарым ауруханада жатыр, ешкімге айтпайды тек. Жеделжәрдемде жұмыс істейтін медбикенің өзі де жұқтырып алған, сол кісі күн сайын2-3 адамнан көз жұмып жатқанын айтты. Өзі де әрең сөйлеп тұрды. Яғни ауру бар,өте қауіпті, тек елді сендіретін нақты деректерін көрсетпей отыр. Бар мәселеосында.

Түйін

 Әлбетте, коронавирус дерті бар. Олешкімнің ойлап тапқан «өтірігі» емес. Дүниежүзі дүр сілкінген дерттен абайлапжүрмесе болмайды. Себебі біз көбіміз сенбей жүргенде оның асқынғаны соншалық – онша-мұншаадам аттап баса алмайтын Ақорданың төрінен бір-ақ шығып, президенттің баспасөзхатшысын алып жықты. Ол туралы жалпақ жұртқа басқа емес, Берік Уәлидің өзіәлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Осыдан біраз уақыт бұрын белгіліадвокат Джохар Өтебеков те дертті отбасымен жұқтырғанын жариялады. Алайда біздеелге ақпарат ашық айтылмай жатыр. Аурулардың өзі түгіл, сырқаттардың аты-жөндерінкөрсетпейді. Бір жағынан, ол қауіпсіздік үшін қажет. Себебі ашынған жұрттың неістейтінін кім білсін, екінші жағынан, ағайын-туыс, дос-жаран безіп кетпесінекім кепіл?!

Мәриям ӘБСАТТАР

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04