Қазақстанда бір күнде 632 адамнан коронавирус анықталды, 6 адам қайтыс болды

11.06.2020, 16:19

25

10 маусым күні Қазақстанда 632 адамнан коронавирус табылды. Бірақ вирус жұқтырғандардың жалпы санына оның 239-ы ғана енді. «Ауру белгісі байқалмаған» 393 науқас «тасымалдаушылар» қатарына енген.

Қазақстан билігі 6 маусым күні вирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек санауға көшкенін, ауру белгісі жоқтар немесе «тасымалдаушыларды» бұдан былай негізгі статистикаға кіргізбейтінін хабарлаған еді. Кейінірек бас санитарлық дәрігер санақты бұлай жүргізудің 3 маусымнан басталғанын айтты.

Өткен тәулікте 330 адам жазылып, 6 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні түнде Нұр-Сұлтан қаласында 47, 68, 59, 70 жасқа шыққан ер адамдар, Батыс Қазақстан облысында 79 жасқа шыққан әйел адам, Қарағанды облысында 67 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмғанын хабарлады. Елде вирустан қайтыс болғандар 67 адамға жетті. Ең көп адам өлімі Нұр-Сұлтан қаласында (14) тіркелген. Бұған дейін билік елде коронавирус жұққан науқастардың өлімін арнайы комиссия зерттеп, қорытынды шығарады деп мәлімдеген. Егер науқастың өліміне коронавирус себеп болмаса, ол коронавирус бойынша негізгі статистикаға енгізілмейді деп айтқан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар ресми деректе айтылғаннан көп пе?

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 13558 адам коронавирус індетімен ауырған, одан бөлек ауру белгісі жоқ 2529 адам бар. Бірақ биліктің коронавируспен күрес жөніндегі coronavirus2020.kz сайтында тек бірінші сан көрсетілген, «тасымалдаушылар» саны басты бетте жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Джонс Хопкинс университеті Қазақстан туралы мәлімет бергенде осы сайтқа сүйеніп, вирус жұқтырғандарды азайтып көрсетуге үлес қосып жатыр.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11