«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

11.06.2020, 12:41

3

Осыапта бастала салысымен Нұр-Сұлтанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің алдында аналар пикетке шықты. «Аналар екпегеқарсы», «Әр балаға 21 000 теңге», «2 пайыз бастапқы жарнасыз ипотека»,«Жалдамалы пәтер», «Мұқтаж жандардың кредиттері жойылсын», «Аштық» деген сөздержазылған плакаттар ұстаған аналар тіпті министрліктің алдына түнеп шықты. «Біртановотставкаға кетсін!», «Жәрдемақы, баспана» деп наразылық білдірген әйелдергебасу айтуға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов, жеделжәрдем және Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілі АрманҚұрбанов келді. Өзге жоғары лауазымды шенділер «шуылдақ» әйелдердің базынасын тыңдағысыкелмесе керек, Бабақұмаров пен Құрбановтың оларға айтқаны «Сіздерді білеміз,көргенбіз. Карантин қаупі сейілген жоқ. Тұрған адамдар тиісті арақашықтықтысақтамай тұр, кейбірі маскасыз жүр» деген уәж болды.

      «Аналар шаршады»

 Көпбалалы аналардың атынан БАҚ өкілдерінесұхбат берген Бота Шынықұлова бұл жолғы үнсіздік акциясының мақсатын  былай түсіндірді:

«Көпбалалы аналар шаршады. Сол себепті осы жолы үнсіз пикетке шығуға шешімқабылдады. Біз бір жарым жыл бойы жүрдік, жол картасы да жасалды. Бірақ оныешкім орындап жатқан жоқ. Қазір бізбен жергілікті атқарушы органдар ғана жұмысістейді. Бірақ әкімдіктер ештеңе істей алмайды. Себебі барлық заң үкіметдеңгейінде – орталық мемлекеттік органдарда қабылданады».

Көпбалалы аналардың айтуынша,үкіметтік деңгейде заңдар қабылданып жатқанымен, оның орындалуы қиын екен. «Көпбалалыаналарда үй алуға алғашқы жарна да жоқ. Сондықтан мұны тағы жеңілдету керек. Алмүгедек баласы бар аналар үшін бөлек баспана кезегін енгізген жөн», – дейді үкіметкеталаптарын қойған аналар.

       Ұлттыққор мен бюджет көтермей ме?

Негізінде, аналардың митингігешығуы, пикет ұйымдастыруы, үкіметке қарсы ашынып, ашығып сөйлеуі бір бұл емес.Бұдан бұрын да аналар талай мәрте дүрлікті. Осы арада «Неге мәселені тиімдіжолмен шеше алмай отырмыз, әлде ана мен балаға көмектесуді бюджет көтермей отырма? Көмектесуге Ұлттық қордың шамасы келе ме?» деген заңды сауал туындайды. Бұлретте, экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова: «Арнайықордан көпбалалы аналарға қаржы қарастырылуы керек. Ұлттық қордан банктерді қолдауғадемеу қаржы бөлінеді. Қандай да бір экономиканың ақсап жатқан саласын қолдауүшін де қаржы бөлеміз. Экономика өркендеуі үшін елдегі адам капиталы да қуатты болуықажет. Ол үшін, әрине, жастардың білімалуына, толыққанды азамат болып қалыптасуына жағдай жасалуы керек. Өз басым көпбалалыотбасыларға балаларын оқыту үшін тегін гранттар бөлу жайы шешімін табуыкерек деп есептеймін. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемін орташажалақымен теңестіруге әрекет жасау керек», – дейді.

«Алтын алқаның» өзітаза алтын емес»

 Мамандар осылай десе,  Алматыдағы «Көпбалалы аналар» одағының мүшесіРабиға Ақанованың айтуынша, көпбалалы аналар үкіметтің сылдыр сөзіне ендісенуден қалған. «Үкімет түрлі заңдарды айтады. «Үй аласыңдар, жер алуға болады»деп алдайды. Онысына қанша жыл кезекке тұрсақ та ала алмаймыз. Көпбалалы анаатанып, «Алтын алқаны» өңіріме тақтым. Кейде жаным қысылғанда сол алқаныломбардқа өткізгім келеді. Бірақ оны ломбардтар да алмайды. Себебі таза алтынемес. «Алтын алқалы» аналарға берілетін бар-жоғы 17 мың теңге жәрдемақынырәсімдеу үшін қаншама құжат жинауың керек. Кейбір шенеуніктер  жағдайыңды айтып барсаң, «бала тусаң, өзіңүшін тудың» деп шығарып салады», – деді көпбалалы ана Рабиға Ақанова.

Осы арададеректерді ақтарып көрсек, расымен де, Қазақстанда«Алтын алқаны» жасау кезінде ыстықжәне суық эмальдар, лактар, алтын жалату мен патинирлеу қолданылады екен. Бұлретте, әлеуметтанушы Серік  Әзбергенов: «Батыраналарға берілетін «Алтын алқаның» таза емес екені айтылғалы біраз болды.Қаншама мың тонна алтын қоры бар елдің аналарға таза алтынды  қимауы ұят нәрсе. Қазір қайда барсаң да,алдыңнан көпбалалы аналардың мәселесі шығады. Сондықтан болашақта бұл мәселенішешпесек, аналарын жылатқан ел атанып масқара боламыз», – дейді.

   Тақырыпқа тұздық

     «Күйеуім мүгедек, моншада тұрғанкезім де болды»

 Тақырыпқа орай, «Жас Алаш» 39 жасында жеті баланыңанасы атанған Гүлбану Ысқақованың пікірін білді:  

– Жеті баламмен моншада тұрғанкүндерім де болды. «Алтын алқам» да, «Күміс алқам» да бар. Алтын деп бергендерітаза алтын емес. Тек алтын жалатылған. «Алтын алқа» иегері болғаным үшінмемлекеттен 17 мың теңге аламын. Өзім бала күтімімен жұмысқа шыға алмаймын.2003 жылдан бері үйдің кезегіндеміз. Қарасай ауданы Жамбыл ауылының әкімінеүйдің кезегін сұрап, бірнеше мәрте бардым. Жылжыған кезекті көрмедім. Қайырымдыазаматтар көмектесіп, үй салып берді. Бірақ ол үйді өз атымызға аудармадық.Құжаттарын дұрыстай алмадық. Қолымызда тек жерді алған акті ғана бар. Мемлекеттенүй алу кезегінен күдерімізді үздік. Күйеуім үшінші топтағы мүгедек. Мүгедекболса да, балаларды асырау үшін жалданып жұмыс істейді. Үкіметтің бергені,шындап келгенде, жыртыққа жамау болмайды.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, 

«Жас Алаш» 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58