БҚО-да коронавирустан үшінші адам көз жұмды. Марқұм 79 жаста болған

11.06.2020, 20:59

39

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан үшінші науқас қайтыс болды. 79 жастағы науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 7 маусымда көз жұмған.

22 мамырда дәрігерлерге көрінген зейнеткердің дене қызуы болған. 25 мамырда жағдайы нашарлап, 27 мамырға қараған түні реанимация бөліміне ауыстырылған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Болатбек Каюпов хабарлады.

— 7 маусымда әйел қайтыс болды. 26 мамыр күнгі ПЦР-тест коронавирус барын көрсеткен. Диагнозы — «COVID-19 коронавирус инфекциясы, ауыр түрі», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда бұған қоса, науқаста жүрек аурулары болған, пневмонияға шалдыққан.

Бұл коронавируспен байланысты облыста тіркелген үшінші адам өлімі. 3 маусымда коронавирустан — 68 жастағы әйел, 30 мамырда Атырау облысы Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеген 53 жастағы ер адам қайтыс болған еді.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыста 4 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, аймақта 1108 адамға коронавирус жұққан, 878 науқастың симптомы бар, 230 адамның симптомы жоқ.

Қазақстанда симптомы жоқ науқастарды қосқан кезде барлығы 16 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. Жартысынан астамы жазылған. 67 адам коронавирустан қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11