Нұр-Сұлтанда 330 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан

12.06.2020, 14:13

55

Нұр-Сұлтанда 330 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Бұл туралы 12 маусымда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова хабарлады.

"Қалада барлығы 330 медицина қызметкерінен коронавирус табылған. Бұл — Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Арасында қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын 200 шақты медициналық ұйымдар да бар. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бір бөлігі коронавирус инфекциясы жұққан науқастарды емдейтін стационарларда жұмыс істеген" деді Қисықова брифинг кезінде.

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының 40 қызметкерінен коронавирус табылған. Олардың барлығы ауру белгілері байқалмағандықтан үй карантинінде жатыр.

Бұған дейін жергілікті БАҚ Қарағанды облысында 46 медицина қызметкеріне вирус жұққанын хабарлаған еді.

Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда симптомы жоқ науқастарды есептегенде барлығы 3005 адамнан коронавирус табылған. 1829 адам жазылған. 14 адам қайтыс болған.

12 маусымда қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева егер қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар осылайша көбейе беретін болса, карантин шараларын күшейтеміз деп ескертті.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51