"Көше партиясы": Соттың белсенділер шағымын қабылдамауының себебі белгілі болды

12.06.2020, 14:12

28

12 маусымда адвокат Ғалым Нұрпейісов Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық сотының тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысын «экстремистік ұйым» деп тану туралы шешіміне белсенділердің түсірген апелляциялық шағымының қабылданбағаны туралы ресми жауап алды. Бұл туралы Азаттыққа адвокаттың өзі хабарлады.

Мамыр айының соңында «Көше партиясын» экстремистік ұйым деп тану туралы сот шешімімен келіспеген бірнеше белсенді сотқа шағым түсірген еді, кейінірек олардың шағымы қабылданбағаны хабарланды.

Белсенділер Болат Смағұлов, Ноян Рахымжанов, Нұрсұлтан Тастаев, Асқар Қайырбек, Айдос Өмірбеков, Айбек Сәбитов, Айдар Сыздықов, Асхат Жексебаевтың апелляциялық шағымын кері қайтару туралы сот анықтамасында «олардың іс бойынша тараптарға жатпайтыны немесе қатысушылары болмағандықтан кері қайтарылғаны» жазылған. Сот қаулысына Есіл аудандық сотының төрағасы Руслан Мәжитов қол қойған.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Адвокат сот анықтамасына арызданатындарын айтады.

— Сот анықтамасына әрине біз шағымданамыз. Бірақ билік сот шешімі мен іс материалдарын ашып көрсеткісі келмейді. Міне, мәселе осында болып тұр,- дейді Нұрпейісов.

19 маусымда Есіл ауданы соты бас прокуратура өтінішімен тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысын елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді.

«Сот ҚДТ қозғалысы өз атауын „Көше партиясына“ ауыстырғанын анықтады және екеуі де бір экстремистік ұйым деп таныды. Сот ҚДТ қозғалысының Қазақстан аумағында „Көше партиясы“ деген жаңа атпен жұмыс істеуіне тыйым салды. Азаматтық-процессуалдық кодекстің 243-бабына сай, бұл сот шешімі тез арада күшіне енеді» деп бас прокуратура шағымының себебін ресми сайтында солай көрсеткен.

Бас прокуратура Қазақстанда ҚДТ және «Көше партиясының» қызметіне тыйым салып, екі ұйымның жұмысына араласқандар жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.

27 мамырда бір топ белсенді адвокат Ғалым Нұрпейісовке сенімхат беріп, сот шешіміне келіспейтіндіктерін білдіріп, апелляциялық арыз түсірген еді.

Былтырдан бері республиканың әр қаласында өздерін тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысының мүшесімін деп санайтын азаматтық белсенділер жиі наразылық акциясына шығып, адам құқықтары мен сөз бостандығы, митингіге қатысты талаптар қойып келеді. Құқық қорғау органдары оларды үнемі ұстап, түрлі әкімшілік жазаға тартқан.

Қазақстан соты «экстремистік» деп таныған ҚДТ-ны Еуропарламент 2019 жылғы наурыз айындағы қарарында «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған. Оның жеткшісі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ҚДТ туралы сот шешімнің саяси астары бар деп санайды.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42