Алматыда СOVID-19 анықтайтын тест орталығында кезек көбейді

12.06.2020, 14:12

20

Алматыда көліктен түспей СOVID-19-ды анықтауға тест тапсыратын мобильді орталық алдында кезек көбейді. 12 маусым күні таңертең тест тапсыруға келген көлік кезегінің кесірінен Әл-Фараби даңғылында ұзақ кептеліс пайда болды.

Тест тапсыруға адамдар түрлі себеппен келген.

— Алматыда тым көбейіп кетті ғой соңғы кездері. Содан қорқып келдім. Тексерілгім келді. Кеше де келгенмін, ұзақ кезек күткен соң қайтып кеткенмін, — дейді қала тұрғындарының бірі.

Ал азаматтардың тағы бір тобы жұмыстан тест тапсыру міндеттелгенін айтты.

Коронавирусқа тест тапсыратын орталық алдына жиналған көліктер тізбегі. Алматы, 12 маусым 2020 жыл. /> Коронавирусқа тест тапсыратын орталық алдына жиналған көліктер тізбегі. Алматы, 12 маусым 2020 жыл.

— Тест тапсыруға 4 адам келдік. Құрылыс компаниясында істейміз. Жұмыстан тесттен өту керегін айтты, — дейді жарты сағаттан астам кезекте тұрған азамат. «Әріптестеріміздің біреуі коронавирус жұқтырыпты. Сол себепті бізді осында жіберді» дейді келесі көліктің жүргізушісі.

Ұзақ кезектен туған кептелісті реттеуге бірнеше полицей келді.

СOVID-19-ды анықтайтын тест орталығының қызметкері Әмірбек Әбунасыр карантин жеңілдеп, жұрт жаппай жұмысқа шыққанда келушілер тым көбейгенін айтады. Бүгінгі кезектің себебі де сол дейді. Екі апта сайын тұрақты түрде тексерілетіндер де бар. Коронавирус пандемиясына байланысты ауруханаға жатуға барған адамдар да тест қорытындысын апаруы керек.

Тест тапсырушылар көбейген соң орталық жаяу адамдарды да қабылдайтын бөлім ашқан. Ол жақта да кезек. Алдыңғы бөлік қашықтық сақтап тұрғанымен, кезектің соңындағы жұрт топтасып тұр. Олардың көбі «қандай мақсатта тест тапсыруға келдіңіз» деген Азаттық тілшісінің сауалына «жұмыстан жіберді, өзіміз де тексерілгіміз келеді» деп жауап берді.

Көліктен түспей тест тапсыратын орталық таңғы сағат 9-дан кешкі 4-ке дейін үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді. Күн сайын 400-500 адам келеді. Тест тапсыру құны – 15 500 теңге.

Алматы қаласы — коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алда тұр. Мұнда COVID-19 ауруы анықталған, бірақ ауру белгісі байқалмаған адамдарды есептегенде барлығы 3426 адамға вирус жұққан. 10 адам қайтыс болған (Бірақ вирус жұқтырғандарды жерлейтін арнайы зиратта ондаған адам жерленген). 2008 адам жазылған. Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вирус жұқтырғандар осылайша көбейе берсе, карантин шараларын күшейтуге мәжбүр боламыз деп айтқан.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52