"Нұр Отанды" сынаған Әлнұр Ильяшев соты басталды. Белсенділер онлайн процеске наразы

12.06.2020, 20:12

11

12 маусымда түстен кейін Алматының Медеу аудандық сотында «Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деп күдікке ілінген белсенді Әлнұр Ильяшевтің соты басталды. Сот онлайн өтіп жатқан кезде ғимарат сыртына 20-дан астам белсенді жиналып, онлайн сотқа қарсылық білдірді.

Оқиғадан тікелей эфирде хабар таратқан белсенді Даная Қалиева Ильяшев сотында видео түсіруге тыйым салынғанын, журналистерді онлайн процеске қоспай жатқанын айтты. «Барахолка, сауда орталықтары ашылып жатқан кезде неге сотты онлайн өткізеді? Пандемияны репрессия құралы ретінде пайдаланбаңыздар» деді билікке қарата сөйлеген белсенді.

#FreeAlnur деп жазылған, белсендінің суреті бар плакат ұстаған наразылар ғимарат алдында "Әлнұрға бостандық!" деп айқайлады.

— Әлнұр билік басындағыларды, партияны сынағаны үшін шындықты айтқаны үшін жазықты болып, қазір қамауда отыр. Сот процесі жүріп жатыр. Осындай әділетсіздіктер, осындай қиянаттар, осындай адамдардың конституциялық құқығын таптағаны үшін партияның жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев және осы партияның арқасында билікте отырған Тоқаевқа наразымыз, — деді оппозициялық қайраткер Рысбек Сәрсенбайұлы наразылық кезінде.

Сәлден соң өзін Алмалы аудандық әкімдігінің өкілімін деп таныстырған қызметкер келіп, шараның «заңсыз» екенін ескертті. Бірақ белсенділер тараудан бас тартты.

Билікті сынап жүрген азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев «Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деген күдікпен 17 сәуірде ұсталып, екі айға қамалған болатын. Бұған дейін полиция өкілдері «күдікті жұртшылықты әдейі жаңылыстырып, полицейлер талабына құлақ аспады», "өзі жариялаған ақпаратты сот талап етсе де терістемеді" деп мәлімдеген.

Ал жақтастары Ильяшев желіде «Нұр Отан» партиясын сынайтын жазбалар жариялағаны үшін қудаланды дейді. Бұған дейін оның заңгері «Ильяшев ісі» бойынша айыптау сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына, жорамалға негізделген деп мәлімдеген, іс материалындағы сәйкессіздіктер туралы айтқан еді.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар және жергілікті құқық қорғаушылар биліктен белсенді Әлнұр Ильяшевті босатуды талап еткен.

Қазақстанда құқық қорғаушылар, халықаралық ұйымдар мен заңгерлер «билік Қылмыстық кодекстегі „Жалған ақпарат тарату“ бабын өзіне жақпаған белсенділерге, сыни пікір айтатындарға қысым көрсетуге қолданады» деп алаңдаушылық білдірген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39