Қазақстанда қатарынан екі күн мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

14.06.2020, 02:59

3

Өткен тәулікте Қазақстанда 989 адамнан коронавирус табылған. Олардың 366-ы — «симптомы бар» науқас, 623-і — симптомы жоқ «тасымалдаушы». Эпидемия басталғалы бері қатарынан екі күн мыңға жуық адамнан коронавирус табылып отыр. 12 маусымда да денсаулық сақтау министрлігі 944 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған.

Елде ресми мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 18 020 адамға жетті. 14 238 адамда COVID-19 ауру белгісі байқалған, 3782 адамда ауру белгісі жоқ.

Бір күнде 238 адам жазылған. Үш адам қайтыс болған.

Эпидемия басталғалы бері барлығы 70 адам қайтыс болған. Қазақстанда коронавирус анықталған бірақ «басқа аурудан қайтыс болғандарды» ресми статистикаға енгізбейді. Олардың есебін бөлек жүргізеді. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 37 адамның «басқа аурудан қайтыс болғанын айтқан». Содан бері бұл статистика айтылмады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай 11 мамырда аяқталып, карантин шаралары біртіндеп алына бастаған. Бірақ кейбір аймақ билігі шектеу шараларын қайта қатаңдататынын айтып отыр. Бұған дейін Қарағанды және Ақтөбе облысының билігі карантин шаралары күшейеді деп мәлімдеді. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының бас санитар дәрігерлері егер вирус жұқтырғандар осылайша көбейе берсе, карантин шараларын күшейтуге мәжбүр боламыз деп мәлімдеген.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13