Тәжікстанда Австриядан экстрадицияланған оппозициялық саясаткер 20 жылға сотталды

14.06.2020, 02:59

3

Наурыз айында тәжік билігінің өтінішімен Австриядан экстрадицияланған 29 жастағы оппозициялық саясаткер Хизбулло Шовализода 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Тәжікстанның жоғарғы соты үкімге байланысты түсініктеме бермеді. Шовализодаға үкім шыққанын Азаттықтың Тәжік қызметіне саясаткердің туыстары хабарлады.

Тәжікстанның бас прокуратурасы наурыз айында Хизбулло Шовализодаға «экстремистік ұйымның ісіне араласу», «мемлекетке сатқындық жасау» баптары бойынша айыптар тағылғанын хабарлаған болатын. Тәжік билігінің айтуынша, Шовализода елде тыйым салынған «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясы» өкілдерімен бірге ел аумағынан тыс жерде әскери-диверсиялық дайындықтан өткен.

Австрияға 1,5 жыл бұрын барған Хизбулло Шовализода биліктен саяси баспана сұраған. Алайда Австрия билігі баспана беруден бас тартып, биыл 22 қаңтарда оны қамауға алған. Наурыз айында шетелдегі тәжік оппозициясының наразылығына қарамастан Австрия билігі оны Тәжікстанға экстрадициялаған.

Хизбулло Шовализоданың әкесі Абдулло Шовализода 12 маусымда Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарласып, ұлының 20 жылға сотталғанын айтты. Үкімді оған жоғары сот өкілдері телефонмен хабарлаған.

«Сәрсенбі күні (10 маусым) тергеуші хабарласып, ұлымды 20 жылға соттағанын айтты. Сот отырысына туыстарының ешқайсысын шақырмады. Біз тіпті оны не үшін айыптағанын да білмейміз» деді әкесі. Оның сөзіне қарағанда наурыз айынан бері ұлын Душанбедегі тергеу изоляторында бір-ақ рет көрген.

Наурыз айында шетелде жүрген тәжік оппозициясының өкілдері Венада жиналып, Шовализоданы Тәжікстан билігіне бермеу қажеттігін, оны қайтарған жағдайда әділетсіз сотталып, азапталуы мүмкін екенін айтқан.

Бұрын ықпалды партиялардың бірі саналып, Тәжікстан үкіметі мен парламентінде мүшелері болған «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясын» сот 2015 жылы «террористік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Содан бері оның ондаған жетекшісі мен жақтасы жауапкершілікке тартылды, көбі түрмеге қамалды. Құқық қорғаушылар биліктің бұл әрекетін сынады.

Шетелде тұратын «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясы» белсенділерінің айтуынша, Хизбулло Шовализода ешқашан партияға мүше болмаған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34