Алматыда коронавирусқа байланысты Көк базар жабылды

13.06.2020, 20:19

12

Алматыда коронавирусқа байланысты қаладағы ірі сауда орындарының бірі — Көк базар жабылды. Бұл туралы жергілікті билік хабарламасына сүйенген ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Алматы қаласының тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағында „Достар-Коммерц компаниясы“ жұмысшылары арасында коронавирус инфекциясының табылуына байланысты базар жұмысының тоқтағанын хабарлайды. Арнайы шаралар және эпидемиологиялық тексерістер жүргізіледі» делінген ресми хабарламада.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, тексеріс кезінде Көк базар аумағында термометр ұстау, әлеуметтік арақашықтық сақтау, қорғаныш заттарын пайдалану сияқты ережелердің бұзылғаны анықталған. Жоғарыда аталған компания үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімі шыққанға дейін қызметі тоқтатылған. Әкімдіктің хабарлауынша, 20 базар жұмысшысына коронавирус жұққаны анықталған.

Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі базар әкімшілігі өкілінің сөзіне сүйене отырып, «коронавирус жұққан базар жұмысшысы қайтыс болып, сауда орны карантинге жабылады» деп хабарлаған болатын.

«Иә, бұл рас. Бізде адам өлімі болды. Әйел адам ауырып, жұмыс істемей, үйінде жатқан. 10 күннен кейін солай [қайтыс болды]. Бүгін (12 маусым) жұмыс істейміз, ертең базар жабылады» деген еді әкімшілік өкілі агенттікке.

Қалалық әкімдіктің айтуынша, базар жұмысшысының қайтыс болу себебін өлім-жітімді зерттеу комиссиясы тексереді.

Ресми мәлімет бойынша, бұған дейін қалада 2606 нысан тексеріліп, 194 нысанның бас санитар дәрігер талаптарын сақтамағаны анықталған. Соған байланысты 94 нысанның жұмысы тоқтаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16