АҚШ: Атланта қаласында қара нәсілді ер адам өлімінен кейін наразылық тұтанды

15.06.2020, 03:00

6

АҚШ-тың Атлант қаласында полиция қызметкері қара нәсілді ер адамды дәмхана маңында атқаннан кейін қалада наразылық тұтанып, қалалық полицияның бастығы отставкаға кетті. Қала мэрі Кейша Лэнс Боттомс бір күн бұрын 27 жастағы Рэйшард Брукс атып өлтірілгеннен кейін полиция бастығы Эрик Шилдстың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған.

«Мен бұл күш қолдануды ақтауға болады деп ойламаймын және офицерді бірден қызметтен кетіруге шақырдым» деді Боттомс баспасөз мәслихаты кезінде.

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуынан кейін штаттар мен өзге елдерде басталған нәсілшілдікке қарсы наразылық жалғасып жатқан кезде Брукстың өлімі қарсылықты онан әрі өршітуі мүмкін.

Джорджия штатының тергеу бюросы оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады. Ақпарат бойынша, оқиға 12 маусымда түнде Атланта қаласындағы жедел тамақтанатын дәмханалардың бірінің маңында болған. Жергілікті полицияға Рэйшард Брукстың көлігімен жолды бөгеп, көлік ішінде ұйықтап қалғаны туралы хабарлама түскен. Полиция ішімдікке тест жүргізгеннен кейін Бруксты ұстамақ болған кезде ер адам қашып кетпек болған.

Куәгерлер түсірген видеолардың бірінде Брукстың екі ақ нәсілді полицеймен алысып жатқаны көрінеді. Онда Брукс өзіне қарсы қолданылған электошокерді полицейден тартып алуға тырысады.

Тағы бір видеода полицейден қашып бара жатқан Брукстың қолында электрошокерге ұқсас құрал бар екені байқалады.

«Дәл осы сәтте Атланта офицері тапаншасын алып, қолын созып, Бруксқа бағыттайды, ол құлайды» дейді Рейнольдс. Флойд өліміне байланысты наразылықтардың ең ірілері Атланта қаласында болған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы жағдай неге ушықты? Нәсілшілдікке қарсы бүлік жиі бола ма?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13