Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

14.06.2020, 16:09

4

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды. Бұл жайында өзінің Facebook  

парақшасында жазды: 

<div class=«kvgmc6g5 cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын.

<div class=«o9v6fnle cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0.5em 0px 0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді. Әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік, БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары. <div class=«o9v6fnle cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0.5em 0px 0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> Сондықтан, барша қазақстандықтан «жеке карантин» ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Достар, аурудың алдын алу шараларына мұқият мән беріңіздер. <div class=«o9v6fnle cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0.5em 0px 0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> ❗ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН: 1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз; 2. Егер сіз офис қызметкері болсаңыз, мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге тырысыңыз. 3.Туыс, достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз; 4. Қоғамдық орындарда маска киіп жүріңіз; 5. Қолды кем дегенде 20 секун сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз; 6. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз. <div class=«o9v6fnle cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0.5em 0px 0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> Егер бойыңыздан мынадай симптомдарды байқасаңыз: әлсіздік, басыңыз, тамағыңыз ауырса, дене қызуыңыз көтерілсе — дереу дәрігерге хабарласыңыз! <div class=«o9v6fnle cxmmr5t8 oygrvhab hcukyx3x c1et5uql ii04i59q» style=«margin:0.5em 0px 0px;font-family:»color:#050505;font-size:15px;background-color:#FFFFFF;"> Абай болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін!
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
22.07.2020, 19:41
Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді
21.07.2020, 12:41
"Коронавирус болу" деген не?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27