Қытайда вирус жұқтырғандардың қайта көбейе бастауы індет қайталана ма деген қауіпті өршітті

15.06.2020, 03:00

3

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 14 маусымда елде 57 жаңа науқас анықталғанын хабарлады. Бұл соңғы екі ай ішінде бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Пекиндегі «жаңа коронавирус ошақтарының бірі» Xinfadi азық-түлік базарында болған 36 адамнан коронавирус табылған.

Базар 13 маусымда жабылып, маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде карантин жарияланды. Соңғы екі айға жуық уақыт ішінде Пекинде алғаш рет ондаған адамнан коронавирус табылуы біртіндеп бәсеңдеген карантин шараларын қайта күшейтуге мәжбүрлеуі мүмкін. Қытай симптомы жоқ науқастарды санамайды.

Пекиндегі жағдай былтыр жыл соңында Қытайда пайда болып, әлемге тараған вирусты жою қаншалықты қиын болатынын дәлелдей түседі. Қытай әлем бойынша ең қатаң карантин шараларын енгізіп, жағдайды сәл де болса бақылауға алған. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 7,7 млн-нан асты, 430 мың адам қайтыс болды. 3,7 млн адам жазылған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04