Қазақстанда төрт адам коронавирустан қайтыс болды

14.06.2020, 20:59

34

Нұр-Сұлтан қаласында — 1941 жылы туған әйел адам, Павлодар облысында — 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысында 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 14 маусымда түнде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 77 адам қайтыс болған. Адам өлімі көп тіркелген облыстар мен қалалар қатарына Нұр-Сұлтан (15), Шымкент (11), Алматы қаласы (10) және Павлодар облысы (12) кіреді. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді. COVID-19 анықталған бірақ «басқа аурудан қайтыс болды» делінген науқастар елде негізгі статистикаға енгізілмейді. Егер оларды қоса есептесе, елде «коронавирус құрбандары» жүзден асып кетеді.

Елде соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар күрт көбейген. 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне коронавирус жұққанын хабарлады. Оның айтуынша, елде карантин шаралары әлсірегеннен кейін вирус жұқтырғандар саны бірден көбейген. Министр Қазақстанда 12-14 мамыр аралығында індеттің «екінші толқыны» басталды деп санайды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 18 898 адамға жеткен. 14 496 адамда COVID-19 ауру белгісі байқалған,4402-і — «симптомсыз» тасымалдаушылар. 9 мыңнан астам адам жазылған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11