АҚШ-та тағы бір қара нәсілді тұрғын полиция қолынан қаза тапты. Оқиға видеосы жарияланды

16.06.2020, 00:51

4

АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы жаппай наразылықты күшейте түскен кісі өлімі жөнінде жаңа дерек пайда болды. Атланта полициясының қолынан 12 маусым күні қаза тапқан қара нәсілді Рейшард Брукстың арқасына екі оқ тигені хабарланды.

14 маусым күні Медициналық экспертиза орталығы Брукстың арқасы екі оқ тиіп, үлкен көлемде қан жоғалту және ағза мүшелерінің жаралануы салдарынан көз жұмғанын анықтады. Орталық Брукстың қазасын кісі өлтіру деп бағалады.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Соңғы екі жарым аптада АҚШ-та және әлемнің көптеген елінде полицияның қатыгездігіне және нәсілдік теңсіздікке қарсы наразылық акциялары өтіп келген болатын. Бұл наразылық Миннеаполис тұрғыны қара нәсілді Джордж Флойд полиция қолынан қаза тапқаннан кейін басталған. Толқулар енді бәсеңдей бастағанда Брукстың өлімі наразылыққа күшейтіп жіберді.

13 маусымның кешінде наразылар Брукс қаза тапқан ресторанға өрт қойып, сол маңдағы көлік жолын бөгеп тастады. Полиция наразыларды көзді жасаурататын газбен тарқатты.

Атланта полиция департаменті Бруксты атқан ақ нәсілді қызметкерін жұмыстан шығарып, оның оқиға орнында болған әріптесін әкімшілік жұмысқа ауыстырды. Полиция бастығы Эрика Шилдс қызметінен кетті.

Оқиға 12 маусым күні кешкі уақытта болды. Полицияға Wendy’s дәмханасының жанындағы жолды бір көліктің бөгеп тұрғаны және жүргізушінің көлік ішінде ұйықтап жатқаны жөнінде шағым түскен. Шағым бойынша келген полиция көлік жүргізушінің мас-мас еместігін тексеріп, оның ішімдік ішкенін анықтайды да, тұтқындамақ болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы жағдай неге ушықты? Нәсілшілдікке қарсы бүлік жиі бола ма?

Полиция қызметкерінің камерасына түскен видеоға сәйкес, тұтқындау кезінде Брукс қарсылық танытып, полиция қызметкері оған қарсы электрошокер қолданбақ болады. Брукс оның электрошокерін жұлып алып, қашып кетеді. Одан кейін Брукстың қашып бара жатып артынан қуған полиция қызметкерін электрошокермен атқаны көрінеді. Сол мезетте полиция Брукске оқ атып, жерге құлатады. Брукс ауруханада көз жұмған.

Брукс отбасының адвокаты Крис Стюарт оқ атқан полицейге “қаруды негізсіз қолданып, кісі өлтірді” деген айып тағылуы тиіс деп санайды.

“Электрошокер адам өміріне қауіпсіз қару дейсіз… бірақ қалай электрошокер қара нәсілді азаматтың қолына түсіп еді, солай ол қауіпті қаруға айнала келді”, деді ол полиция қызметіне қарата сөйлеп.

AP, AFP, Fox News Atlanta және Reuters агенттіктерінің ақпараты негізінде әзірленді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34