SIPRI: ядролық алпауыттар арсеналын жаңартып жатыр

15.06.2020, 15:45

4

Ядролық қаруы бар елдер 2019 жылы арсеналын жаңартуды жалғастырған. Бұл туралы Бейбітшілік проблемаларын зерттеудің Стокгольм институты (SIPRI) 15 маусымда жарияланған баяндамасында мәлімдеді.

Баяндамаға сәйкес, осы жылдың басында АҚШ, Ресей, Біріккен Корольдік, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Корея елдеріндегі ядролық қарудың 13,4 мың данасы болған.

SIPRI мәліметінше, биыл ядролық қару саны былтырғыдан 465 данаға азайған. Қысқарту әлемдегі ядролық қару қорының 90 пайызына иелік етіп отырған Ресей мен АҚШ-тағы ескі қаруды есептен шығару негізінен жүріп отыр. АҚШ-та қарудың 385 данасы, Ресейде 125 данасы жойылған. Есесіне Қытай, Британия, Үндістан және Солтүстік Корея ядролық әлеуетін аздап күшейткен.

Қысқарту АҚШ пен Ресей арасындағы “стратегиялық шабуыл қаруын шектеу және қысқарту келісімі” (СШҚ-3) негізінде жүріп жатыр. АҚШ Ресеймен жасалған осы келісімді ұзартуды және оған Қытайды қосуды көздеп отыр. СШҚ-3 келісімінің күші 2021 жылы жойылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27