Біртанов вирус жұқтырған соң онымен бірге болған Мамин мен Сапарбаев өзін оқшаулады

16.06.2020, 00:51

6

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған соң өзін оқшаулады. Бұл туралы KazTAG агенттігі хабарлады.

Біртанов 12 маусым күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен бірге Жамбыл облысына іс-сапармен барған болатын. 14 маусым күні премьер-министр баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Маминнің өзін оқшаулағанын, бірақ жұмысын онлайн тәртіпте жалғастырып отырғанын хабарлады.

Нұрланованың айтуынша, Қазақстан премьер-министрі коронавирусқа тест тапсырып, вирустың жұқпағаны анықталған.

Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны 14 маусым күні белгілі болды.

Елжан Біртанов коронавирус жұққан алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34