15.06.2020, 12:30
68
Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша оқушыларсарайы, фитнес клуб, караоке, боулинг орталықтары қайтадан жабылды, деп хабарлайды "Хабар24".
Ойын-сауық кешендері, сауда үйлері мен барлық базарлар кешкі10-ға дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көліктерге де шектеу қойылды.Балабақшаларда тек кезекші топтар қалады. Ал жазғы лагерьлер, кинотеатрларашылмайтын болды. Халыққа қызмет орталықтары қайтадан онлайн форматына ауысты.
Бүгін облыста тағы 15 адамнан ауру анықталды. Жұқпалы дерттіңтаралуына байланысты Тайынша қаласы карантинге жабылды.
Серікбай Қасмақасов, облыстықТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:
– Тайынша қаласында үш күнде 4 адам ауруға шалдықты. Осығанбайланысты онда қайтадан блок-посттар қойылып, кіріп-шығуға тыйым салынды.Тұрғындардан барынша сақ болуды сұраймыз. Маска киіп, ара қашықтықтысақтаңыздар. Талаптар орындалмаса, карантиндік тәртіпті тағы да күшейтугемәжбүр боламыз.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР