«Ауыр салмақтағы саясаткер» 66 жасқа толды

15.06.2020, 20:10

33

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 66 жасқатолды. Ал, биылғы қараша айында Даниал Кенжетайұлының облысты басқарыпотырғанына 6 жылдың жүзі болады.

Жалпы, 6 саны Ахметов үшін биыл өте сәтті келді десек,қателеспеспіз. Жылдың алтыншы айында туған облыс әкімі аптаның алты күні біртыным таппай, асығып, аптығады да жүреді. Алпыстың алты белесін бағындырғаншақта ширақ қимылдап жүрген оның ұғымында 66 жас дегеннің өзі қазақтың көрнектіақыны Қадыр Мырзалиевтің «Алпыс – тал-түс» деген сөзінің өзін жолдақалдырғандай. Себебі, бюджеттің бүйіріне «қол салған» сала бойынша, атқарылыпжатқан істерді ат үстінде жүріп аудан демей, қала демей, бақылап отыруы шарт.Ал, бұл кезде Ахметов үшін «карантиндік режимді сақтау» ұғымы екінші орында. Бірдеұлы ақынның 175 жылдығына байланысты Семей қаласы мен Абай ауданына аптаныңалты күнін алға салмай келіп-кетіп тұратын ол енді, бірде туристер тартужайымен айдынды Алакөлді алты айналып, Үржарға ұшып барып қайтады.  

 Даниал Ахметовтің жалпы саясатта «ауырсалмақтылар» категориясына жататын басшы екені рас. Әріптесі Бердібек СапарбаевЖамбыл облысының әкімі болып наурыз айында тағайындалғанда оның бес рет «облысәкімі» атанудан рекордтық көрсеткішке жеткенін БАҚ өкілдері жарыса жеткізгенеді. Сөйтсек, «біздің Дәкең-Даниал» да далада жатқан әкім емес екен.

1992-93 жылы Екібастұз қаласының әкімі, 1993 жылдан 1997 жылғадейін Павлодар облысының әкімі қызметін атқарған Ахметовтің артынша СолтүстікҚазақстан облысының әкімі (1997-99 жылдары) болып та ел аузына, нақты айтқанда,елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына іліккені жоғарылап бара жатқанынкөрсеткендей еді. Өйткені, бұдан кейін Даниал Кенжетайұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары лауазымы сиықтысатылардан өтіп келіп, 2001 жылдың қараша айынан 2003 жылдың 13 маусымына дейінПавлодар облысының әкімі қызметіне қайта оралды. Қызығы сол 2003 жылдың13-маусымы күні облыс әкімі қызметінен Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-министір қызметіне «бір-ақ» секіреді.

Одан кейінгі 4 жыл ішінде Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрі қызметін (мамандығы бойынша инженер-құрылысшы болса да) «сырбілдірмей» атқарып шықты. 

   Осыдан кейін бес жыл бойы әртүрлісебептермен саясаттан сырттап, «көрінбей кеткен» Даниал Ахметов 2014 жылдыңқараша айында Шығыс қазақстан облысының әкімі болып шыға келді. Енді, әріптесіБердібек Сапарбаевпен салыстырмалы түрде айтсақ, оның Екібастұз қаласының әкіміболғанынан бөлек бір облысты екі рет, бір облысты бір рет басқарып,вице-премьер қызметін екі рет атқарғаны елеусіз қарайтын «эпизод» емес. Яғни,Даниал Ахметовтің Қорғаныс министрі және Премьер-Министр лауазымдарын да «арттақалдырғаны» 66 жастағы Ахметовтің Бердібек Мәшбекұлынан артықшылығы мол екенінкөрсеткендей. Даниал Ахметовтің қазіргі басшылық қызметін Сапарбаевтан«қабылдап алғанын» айтсақ, мақала мәнісі түсінікті болар.

   Енді ойлап қарасақ, Даниал Кенжетайұлыныңкейбір іс-әрекеттері күлкі шақыратынын атап айтқан жөн. Мәселен, қазіржер-жаһанды кезген Covid-19 пандемиясының алғашқы белгілері біліне бастағаншақта Ахметов қар адамдардың көшеге шығу жасын 70 жасқа толғандар және оданасқандар деп белгілегені есімізде. Бұл кезде Парламент Мәжілісінің спикеріНұрлан Нығматуллин жасы келген депутаттарды «онлайн» жұмыс істеуге шақырып, жасшамасын 65-ке әкеп тіреген болатын. Яғни, жасы 66-ға таяған Ахметов заңшығарушы органның ол ұсынысымен келіспейтіндігін аңғартып, Шығыс өңірде 70жастан асқандардың пандемияға байланысты үйінен шығуына тыйым салынғандығытуралы «өз қаулысын» шығарған болатын. Бұл туралы «Жас алашта» жарияланды да.

  Бірақ та арада апта өтпей, Даниал АхметовСемей қаласына келген сапарында Абай театрының 73 жастағы директоры ЯковГорельниковті жанына ертіп жүріп, театрда атқарылып жатқан жұмыстар барысыментаныстырғаны таңқалдырды. Ахметов Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жұмыст арбарысымен танысу мақсатында  театрдиректорымен тағы да екі рет кездесіп қайтқаны есімізде. Сонда дейміз-ау,Ахметовтің жасы 70-ке келген және асқандарды үйінен шықпауға шақырған «бастамасы» сөз жүзінде ғана болды ғой.

  Алпы, мұндай қызықтарды әлі де қап-қабыментізе беруге болады. Облысты басқарған 6 жыл ішінле сыбайлас жемқорлықққақатысты шененуніктердің басы шатылған фактілердің көбеюі өз алдына бөлекәңгіме. Ізі әлі суып үлгермеген кәсіпкерлер дауы, яғни, облыстық  әкімдіктің мердігер компаниялар арасында жариялағантендер бойынша «откат» алатыны туралы айғай-шудың екпіні тұр. Бұл туралы «Жасалаш» алдағы уақытта кеңінен баяндайтын болады.

Сәтжан Қасымжанұлы, 

Шығыс Қазақстан облысы 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04