“Рахат” фабрикасынан COVID-19 жұқтырған, бірақ ауру белгісі жоқ 467 адам анықталды

15.06.2020, 18:51

30

Алматы қаласындағы “Рахат” кондитерлік фабрикасының ауру белгісі байқалмаған 467 қызметкерінен коронавирус табылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, 30 мамыр мен 4 маусым аралығында коронавирус фабриканың 10 қызметкерінен табылған.

“Алдымен фабриканың бір қызметкері ауырған. Ол жоспарлы ота жасау үшін ауруханаға жатқан. Тексеру кезінде одан COVID-19 анықталған. Одан кейін бірден сегіз қызметкер жұмысқа жоғары температурамен келген. Мұны зауыттағы стационарлық тепловизор анықтаған. Жедел жәрдем шақырылып, оларды жұмысқа жібермеген. Лабораториялық зерттеу кезінде оларда коронавирустың бары анықталды” деді Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, фабрикада 1500 қызметкер жұмыс істейді және оның шамамен үштен бірі коронавирус жұқтырған.

“Бағымызға орай дейік, ауру белгісі жоқ 467 адам анықталды. Олар үй карантиніне жіберіліп, поликлиника дәрігерлерінің бақылауына берілді” дейді ол.

Бекшиннің сөзінше, фабрика қызметкерлерінің үштен екісі – Алматы облысының тұрғыны. Қалған Алматы қаласында тұрады. Ауру белгісі пайда болғандары инфекциялық стационарға жатқызылады.

Коронавирустың таралуына байланысты 15 маусымнан “Рахат” кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04