Белсенді Закированың сотында судьяға сенімсіздік білдірген шағымы қанағаттандырылмады

16.06.2020, 21:41

5

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында "әдейі денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтірді" деп айыпталған белсенді Санавар Закированың ісі бойынша сот жалғасып, оның судьяға сенімсіздік білдірген шағымы қанағаттандырылмады.

Закирова «8 наурызда „Нұр Отан“ партиясының Т.Ш есімді мүшесінің 39 жастағы Д.Ш есімді қызына әдейі денсаулығына зиян келдірді» деген айып тағылған. Өткен аптада белсенді «судья Залина Махарадзе бұра тартады» деп сенімсіздік білдірген.

Бұған дейін судья Закироваға түскен шағымды екіге бөлген. Қазір ол екі қылмыстық іс бойынша сотқа қатысып жатыр. Бірінде — айыпталушы, екінші істе — бірінші іс бойынша шағымданушыны айыптаушы. Екі істі де судья Махарадзе қарап жатыр. Бірінші істе Закированы Жанара Балғабаева қорғайды. Екінші істе басқа адвокат.

Бұған қоса, Закирова Алматы облысы Алмалы аудандық сотында тағы бір сотқа қатысып жүр. Ол Д.Ш есімді қыздың шешесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Т.Ш. үстінен шағым түсірген. Бұл істе де Закированы Балғабаева қорғап жатыр. Адвокат бұған дейін судья Ернар Қасымбековке сенімсіздік білдіргенімен, оның шағымы қанағаттандырылмады.

Закирова ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Келесі сот отырысы қашан өтетіні белгісіз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16