Медициналық сақтандыру қоры: күдік көп, жауап жоқ

16.06.2020, 05:37

48

Бір айға жуық уақыттан берібелсенді журналист Гүлбану Әбенова мемлекет үлкен үміт артып отырған Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорының осы күнге дейінгі шығындарын зерттеп, миллиардттағанқаражатттың отандық медицина сапасын арттыруға қатысы жоқ қызметтерге шашылыпжатқанын дәлелдейтін құжаттарды әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жайыпсалды. Әр постында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментін, ҚазақстанРеспубликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы АликШпекбаевты тегтегенімен (белгілегенімен), ешқайсысынан мардымды жауап болғанжоқ. Есесіне, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөзқызметшісі Ермек Боллтаев Қордың жұмысына шүйліккен Гүлбану Әбенованың үстіненсотқа арыз түсіріпті. 

Бұл арызға дейін ГүлбануӘбенованың соқырға таяқ ұстатқандай деректеріне байланысты әлеуметтік желідебірнеше рет екеудің арасындағы сөзталасқа куә болғанбыз. Бірі даттады, екіншісіақталды, басқасы қостады. Ақыры бұл оқиға сотқа да жетті.  

Енді дәл бүгін қоғамдағыбелсенді азаматтардың біразынан барынша қолдау тауып, әсіресе, пандемия кезіндежұрттың жанына бататын тақырыпты қозғап отырған Гүлбану Әбенованың фактілеріне зерсалып көрейік. Деректер Қордың, шынымен, осы уақыттың ішінде қыруар қаражаттыжұмсап үлгіргендігін тәптіштеп берген.

Мәселен, 50 шақты адам ғана басқосқан «Жаңа деңгейдегі медицинаға қарай жол» атты форум мен ютуб желісіненбар-жоғы 76 адам қараған Сақтандыру қорын насихаттайтын бейнероликке 33 миллион839 мың 285 теңге жұмсалған. Бұл мемлекеттік тапсырысты тендер арқылы «QazaqstanPR Agency» ЖШС ұтып алған екен. Ал білетіндер дәл мұндай іс-шаралардыұйымдастыруға кететін шығын негізінен 3 миллионның айналасында ғана болады дейді.Ол аз десеңіз, 2019 жылы пиар (PR) жасау жұмыстарын ұйымдастыруға 63 миллионтеңге кеткен. Яғни, өзін насихаттау жұмыстарына. Қорды ақпараттық және имидждіксүйемелдеу қызметіне шамамен 57 миллион, интернет жеткізу қызметіне 52 млнтеңге айналасында, байланысқа 70 млн ақша жұмсалған. Бұл деректер Мемлекеттіксатып алулар порталындағы Қордың құжаттарында тайға таңба басқандай жазылған. Келісімшарттакөрсетілгендей, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының көліктерітұрақтайтын парктерге 2018 жылы бірінші мәрте 20 751 130 және екінші мәрте 13082 836 теңге, 2019 жылы 15 609 403 теңге; 19 473440 теңге; 24 803 385теңге және 2020 жылы 26 649 280 теңге төлеп шығындалған. Одан қалды, Қор айсайын кеңсені жалға алу бойынша Nursaya Deluxe жауапкершілігі шектеулісеріктестігіне 3311 шаршы метрлік ғимарат үшін 21 миллион сомма төлеп келген. «Басғимараттағы 219 қызметкер үшін мұндай аумақ көптік етпей ме?» деген сауал қойыпотыр Гүлбану Әбенова. Ең қызығы, осы айтып отырған ЖШС-ның меншік иесі 13 жасарӘмірхан Адырбек есімді бозбала боп шықты. Сонда кәмелеттік жасқа толмаған, жекекуәлік әлі қолына да жетпеген жасөспірімнің атына қалайша ЖШС-ны рәсімдеген? Албиыл, осы айдың басында Қор тағы да ақпараттық және имидждік қызметке тендержариялап, 57 млн теңгеге «Номад лидер» ЖШС-мен келісімшарт жасапты.Тендерда тұрған ақпараттық материалдар дайындау және оны бұқаралық ақпаратқұралдарында жариялау қызметі 48 жарым миллиондай теңгеге бағаланған. Ондағыішіндегі «басшыларға арналған суреттер» деген лотта 1 жарымдай миллион теңгегебастықтарға арналған 45 тал сурет сатып алу жоспарланып отыр екен. Ал мамырайында сыйымдылығы 38 гигабайттан (Гб) аспайтын 10 гигабайттық бір тал DDR4жедел жады 1 479 642 теңге 86 тиынға сатып алыныпты. Сауда-саттық сайттарындамұндай жадылардың ең сапалысы дегені 190 мың теңгенің айналасында, тіпті, оданарзандауын да табуға болады. Бірақ дәл миллион жарым теңгеге жедел жады сатыпалды дегенге сену қиын.

Майлы жілікке тап болған «Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның басшысыАйбатыр Жұмағұлов қордың қаражатын жеке мүддесі үшін пайдалануы мүмкін деген декүдік туындап отыр. Оған оның әйелі, Хабар телеарнасының жүргізушісі ГүлбаршынЗаированың инстаграм желісіне жарқыратып салатын шалқыған өмірі, келінінесыйлаған қымбат әшекей-бұйымдары себеп болып отыр.  

Жалпы, Сақтандыру қорыныңақшасы қалай және қайда жұмсалып отырғаны Гүлбану Әбенованы ғана емес,барлығымызды да алаңдатуы тиіс дүние. Өйткені сапалы медициналық көмек алуымызүшін қорға салынатын ақша – сіз бен біздің ақшамыз. Айта кетейік, алғаш рет еліміздегіжұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскердің жалақысынан 1 пайызын қорға 2017 жылыаудара бастаған. Бұл 1 пайыз былтыр – 2019 жылы 1,5 пайызға көтеріліп, 2020жылы 2, 2022 жылы 3 пайызға өспек екен. Ескеретін жайт, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесібойынша берешек болып қалған жағдайда, ол сомманы өсіпұлымен қоса төлейдіекенсің. Яғни, берешек болған әр күніне ақшаны қайта қаржыландырудың ресмиставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлымен (пеня) біргеаударасың. Былтыр әр кешіктірген күн үшін төленетін бұл ставканың мөлшері 1,25болған екен. Мысалы, айлығыңыз 150 мың теңге болса, қорға 30 күндікберешегіңізге тағы 16,41 теңге қосып ақша аударуыңыз керек болады.

Қазіргі таңда Қор өз алдынақойылған «халықты тиімділігі дәлелденген, қолжетімді медициналық көмекпентеңдей қамтамасыз ету; жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатынартық шығындардан қорғау; медициналық қызметтерді кепілдік пен теңгерімдісақтай отырып сатып алу» миссиясын дұрыс орындай алып жүр ме? Гүлбану Әбеновакелтірген деректер қаншалықты шындыққа жанасады? Әліптің артын бағып көрейік.

Нұрай РАХЫМ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16