Шенеуніктер шетінен ұсталып жатыр

16.06.2020, 12:17

4

Келес ауданында мемлекеттік қызметкерлердіңсыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап, жауапқа тартылуы соңғы бір айдыңкөлемінде үдеп кеткен сияқты. Мамырдың соңында  аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің қызметкері әлеуметтік көмек тағайындауға жәрдем беруге бір азаматтан 40мың теңге пара алу үстінде ұсталды.

Іле-шала Жамбылауылдық округі әкімінің 400 мың теңге парамен қолға түскені жария етілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің таратқан мәліметіне қарағанда,ауыл әкімі параны жер телімін беру үшін алғанға ұқсайды. Бұл істің мән-жайытолық белгілі емес. Белгілісі – ұсталған шенеунік бұлтарып кете алмасын білсекерек, өзіне қатысты тергеу амалдарын жеделдетілген жолмен жүргізуге келісімінберген көрінеді. Одан кейін әлеуметтік желіде Келес аудандық білім бөлімініңбасшысы Бақтияр Әбдиевтің жергілікті журналист, қоғам белсендісі Амангелді Батырбековке делдал арқылы 5миллион теңге пара ұсынып, қылмысының әшкере болғаны туралы ақпарат таратылды.Оның артынша Батырбековтің өзі Facebook-тегі парақшасында  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықбөлімі басшысының 30 миллион теңге парамен ұсталғанын жария етті. Оның шуыбасылмай жатып аудандық спорт бөлімі басшысының 1 миллион теңге парамен істіболғаны туралы алыпқашпа әңгіме тарады. Көпшілік дәл қазір Келесте не болыпжатқанын түсінбей, дал болып жатыр.

Рас, соңғы үш фактібойынша құзырлы органдар ресми ақпарат таратқан жоқ. Біз хабарласқан облыстықсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары да әзірге ешқандаймәлімет бере алмайтынын алға тартты. 30 миллион мен 1 миллион теңге парағақатысты мәселенің анық-қанығы мен ақиқаты алдағы уақытта айтыла жатар. Бірақ білімбөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтің пара беру фактісі бойынша тергеушілергежауап беріп жатқаны рас болып шықты. Алдымен сәл-пәл шегініс жасасақ.

Бұған дейін Келес аудандық білім беру бөлімініңбасшысы  Бақтияр Әбдиевтің жергіліктіжурналист Амангелді БатырбековтІң үстінен «қорлау» және «жала жабу» баптарыбойынша жеке шағым бергені, Сарыағаш аудандық соты журналисті 2,3 жылға басбостандығынан айырғаны, алайда кейінірек облыстық соттың апелляциялық алқасысотталушыны ақтап шыққаны, тіпті соттың одан кешірім сұрағанын «Жас Алаштың»өткен сандарының бірінде жазған едік. Осыдан кейін Батырбеков өзін жазықсызсоттатқаны үшін  Әбдиевтің үстінен арызбереді. Арызға сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталады.  Әбдиев параны осы істі жылы жауып тастау үшінбермек болғанға ұқсайды. Алайда бөлім басшысының өзі ешкімге пара бермегенін айтып отыр.

– Батырбеков антикоррупцияға берген арызында істі қысқарту үшін сатыпалмақшы болды деп жазған. Бұл іс бойынша қылмыстық құрам жоқ. Арыздың жазылғануақыты – 23 мамыр, ал қылмыстық  іс 18мамырда қысқартылып кеткен. Әрине, тергеу амалдары біткенше  мен ештеңе айта алмаймын. Іс әлі біткен жоқ,  бірақ бітеді. Себебі ешқандай дәлел жоқ.Қысқартылып кеткен іс бойынша пара берді деген қисынға келмейді.

 – Сіз ешқандай айғақ жоқ дейсіз,Батырбековтің жазуынша, екі арадағы әңгіменің бейнежазбасы бар көрінеді.

– Ол бейнежазбада заңға қайшы ештеңе жоқ. Маған Батырбеков құрған қоғамдықұйымның алқа мүшесі болып табылатын бір азамат келіп, екеумізді жарастырмақболды. Арызды  23-іне жазып, 24-іне бейнежазбажүргізетін құрылғыны алып келген ғой. Мен танымайтын адамға ақша беремін бе? Бәріналдын ала ұйымдастырған.

 – Сонда Батырбеков сізге жала жауыпотыр ма?

– Иә, солай, мұның алдында маған жала жапқаны үшін сотқа арызданғанымдыбілесіздер, ол бойынша Батырбеков ақталғанымен, іске әлі нүкте қойылған жоқ. Кассациялықалқаға шағым беріп жатырмын, – деді бөлім басшысы.

Бақтияр Әбдиев қазір Келес аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінатқарып жатыр, яғни ол лауазымынан шеттетілмеген.

Ал Амангелді Батырбековтің айтуынша, бөлім басшысы оған тергеуде беретінжауаптарын өзгерту үшін қомақты ақша ұсынған. Тіпті екі арадағы келіссөздербарысында ставканы екі есеге дейін көтерген.

– Апелляциялық алқада ақталып шыққан соң, мені соттатқан  Әбдиевке қатысты құзырлы органдарға арызбердім. Әбдиев   беттесуге келмейқалды.  Мен бөлім басшысы тергеушіменауыз жаласты ма деп күмәнданамын. Өзіңіз ойланып көріңіз, журналиске 7 миллионтеңге ұсынған адам тергеушіге қанша беруі мүмкін? Тергеушіден  Әбдиевті күдікті деп тану туралы қаулықабылдауды талап еттім. Бірақ ол жүріп алды. Қазір тергеушінің мәселесі өзіндікқауіпсіздік басқармасына берілді.  Әбдиевжағдайдың қиындағанын түсінген соң араға адам салды. Бірінші келген кезде 3миллион теңге бермек болады.  «Амангелдіқойсын, тергеуді мен өзім шешіп аламын, тек қудаламаса болды» деген сәлемдемежолдады.  Егер мұндай ақылды оған тергеушібермесе, қайдан біледі?! Мен бұл ұсынысқа ешқандай жауап қатқаным жоқ. Парағаделдалдық жасаған азаматтың мен құрған «Сарыағаш әділет» ұйымының алқа мүшесіекені рас. Соның араағайындығымен Әбдиев берілетін қаржыны 7 миллионға дейінкөтерді. Осыдан кейін мен антикорға арыз бердім.  Әбдиевпен кафеде кездестік. Оның «тергеужағын өзім шешіп аламын, ақшаны делдал арқылы беремін» деген сөздерібейнежазбада бар. Делдал 5 миллион теңгені маған әкеліп беру барысында ұсталды,камераның алдында тұрып «ақшаны Әбдиев беріп жіберді» деген сөздерді айтты.  

– Бірақ Әбдиев 18 мамырда қысқартылған іс бойынша 23 мамырда параберудің  қисынға келмейтінін айтып отыр.

– Мен істің қысқартылғанын білгенім жоқ, ал Әбдиев білген. Тергеуші оғаністің мән-жайын хабардар етіп отырған. Осының өзі де полицейдің бұл іскемүдделі екенін байқататын сияқты. Мен қазір тергеушінің үстінен екінші қайтараарызданып жатырмын. Бұл іс бойынша да Әбдиев қорғануға құқығы бар куә ретіндежауап беруде. Ол күдікті ретінде танылған жоқ.  

Бір қызығы, Батырбеков арызды антикордың Сайрам аудандық бөлімшесінеберген. Себебі жергілікті құзырлы органдарға сенбейтінін айтып отыр.

Сенім демекші, Келесте шенеуніктердің бірінен кейін бірі парамен ұсталуыаудан әкімі Ақментай Есбаевтың абыройына дақ түсіріп, мансабына кесірін тигізуіәбден мүмкін. Егер келестік атқамінерлердің пара алу-беру қылмыстарына қатысыбары расталып сотталар болса, Есбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралызаңдардың талап-тәртібіне сәйкес, отставкаға арыз жазатыны айдан анық.

Бұл тақырыпқа алдағы уақытта қайта ораламыз.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39