Карантинге сыймаған ойлар

16.06.2020, 12:24

6


Ұшақтар ұшпады, пойыздар тоқтады. Көз жетер жердеқыбырлаған жан көрінбейді. Көше қаңырап, аула, бақ бос қалды. Қала, ауыл бәрісолай. Оны айтасыз, сыртқа шығу, қарға адым қадам басу мұң болды. Әркім өзүйіне қамалды. Бір сәтте. Бүкіл әлемде. Құдды бір қорқынышты түс сияқты, шошыпоянғандайсың. Алпыс екі тамырыңның алпысы тоқтап, екеуі ғана қалғандай…Жүрегімді ұстап көріп ем, әлі бүлкілдеп тұр екен. Көзімді ашып, тұруға әрекетжасадым…

***

Интернет, теледидар, радио,әлеуметтік желі… Тіпті үтік қоссаң да «жаман індет, жаман індет» деп сайрапқоя беретіндей. Үрей үдеп барады. Бұл пәле қайдан шықты, қалай емделу керек?Неше түрлі нұсқа, қырық кеңес. Көре-көре, тыңдай-тыңдай осы аурудың профессорытүгілі, академигі болуға шақ тұрмыз. Кез келген университетке барып лекцияоқуға болады.

***

Бір кило лимонның бағасы төртмың теңгеге дейін көтеріліпті. Ойпырмай-ә?! Бетперде киіп тұрған сатушының бетіқалың екенін көре алмадым.

***

«Күйеуім бетперде киіп дүкенгекетіп еді, қайтып келген соң бетпердесін шешіп жатқанда қарасам, мәссаған,басқа біреудің еркегі!». Әрине бұл әзілді жазған әйел адам. Еркек жазса, керісіншеболар еді…


***

Айтпақшы, бір ер адамның дажазған әзілі бар: «Отыз жыл отасқан әйелімді жақсылап танымай жүр екенмін,карантиндегі отыз күннін ішінде бір туған туыстай бауыр басып кеттім». Әрине,әйелін жақсы көрмейтін еркек бола ма? Әркімнің өз еркі – армандауға да болады.

***

Теледидардан сөйлеп отырғаншенеуіктер ауыз-мұрындарын тұмшалап алыпты. Не сөйлеп отырғандарын естісек те,жүздерін жыға танымадық. Одан да телекамераларға да бетперде кигізіп, түсірукерек еді… Бірақ айтып айтпай не керек, олардың бұрыннан-ақ халыққатанымалдықтары шамалы еді ғой…


   ***

«Ауылда неге бала көп дегенсұраққа, өйткені ауылда свет жоқ» деп әзілдейтін інілерімнің, енді «ауылда негебала көп, өйткені ауылымызда карантин» деп әзілдейтін күні туып, алдымыздан текжақсы қуаныш, жағымды жаңалық шықса ғой деп тілеймін.                                                 

Күнделігіме күнде қарап қоямын,бір күн жазбай қалсам, жанды жабырқатқан карантин бітпейтіндей көрінеді. Отызкүннен бері отыз бет жазыппын. Ертең жазбай-ақ қояйыншы, қапас карантин түнінқуатын, арайлы таңымыз атып келе жатқан шығар, бәлкім…

    Сәдуақас ЖҰБАТОВ



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34