Ақыны айға қарап төлей ме?

16.06.2020, 06:43

37

Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде соңғыжылдары соны серпіліс байқалады. Өткен жылдың соңына таяу ауылда жаңаданмәдениет үйі бой түзеп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Ауызсу, аяқсумәселесінде де анау айтқандай түйткіл жоқ.

          Алайда ауылға барған сәтімізде тұрғындар тарапынан ауыл кемшілігін тілгетиек еткендер де кездесті. Ел болғасын күрмеулі мәселелер болмай тұрмайды. Бұлтұрғыда Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салу ісі кезеккүттірмейтін мәселеге айналған. Бұған қоса, жарық мәселесіне қатысты түйткілдерде бір төбе. Атап айтқанда, ауылда жарық бағаналарының ескіргендігі жиі сөзболуда. Оның ішінде электр энергиясын есептеу құрылғысының көшеде осы электрбағаналарының ұшар басына іліп қойылғаны көпшілікті күмәнді ойларға жетелепотыр. Ауыл халқының пікірі осыған саяды.

Осындай келеңсіздік салдарынан ауыл халқы жарыққа төлем жасайтын уақыттаяған сайын қанша ақша төлейтінін білмей, әрі-сәрі күйде жүреді. Бағананыңбасына ілінген есептегіш құрылғыға жерден күмәндана қарап, төлем жасағаншасабырсызданумен болады.

Сонда деймін-ау, жарықты есептегіш құрылғыны адам қолы жетпейтін бағананыңбасына іліп қоюға не түрткі болды екен? Бұл біз үшін беймәлім күйде қалып отыр.Ал жарық есебін қарайтын кезде арнайы мамандар бағананың басына өрмелеп шығатынболғаны ма? Бұл да жұмбақ. Халықтың жарыққа берешегін төлейтін кезде оның есебінқалай көретіні ескерілмегені біртүрлі түсініксіз болып тұр.

Біз тұрмақ, тұрғылықты халықтың өзіне электр энергиясын есептегішті бағанағаорнатар сәтте оның себебі түсіндірілмеген сияқты. Соның салдарынан бүгінде ауылхалқы тарапынан түсінбеушіліктер жиі орын алуда.

– Бұл жағдай өзімізге де жұмбақ күйінде қалып отыр. Жарық есептегішқұрылғысын бағана басына орнатып кеткен «Қызылорда электр тарату тораптарыкомпаниясы» АҚ мамандары халыққа оның себебін кеңінен түсіндірген жоқ. Десе де,бұл соңғы заманауи технологиямен жабдықталған құрылғы екенінен хабардар болдық.Халық арасында бұл жарық есептегіш құрылғыларға қарсы пікір айтушылар аз емес.Алайда өз тарапымыздан бұл мәселені шешуге қауқарсызбыз. Оған жарық есептегіштіорнатып кеткен аталмыш компания жауапты, – дейді бізге осы мәселе төңірегіндеауыл әкімі Жұмабек Әлиев.

Соңғы кездері ауыл ішіндегі электр бағаналарының ескіргені, соныңсалдарынан түрлі келеңсіздіктер орын алып отырғаны жиі сөз болатын. Енді оған энергияныесептеу құралына қатысты түйткіл қосылды.

Бұл жайт, әсіресе, жасы келген қарияларға жайсыздық туғызып отырғанын ауылхалқымен сұхбаттасу барысында аңғардық. Ауыл ақсақалы  Ж.Алдамжаров бұл көрініс ауылда біразуақыттан бері орын алып отырғанын айтып, бүгінде жаққан жарығының есебін жайхалықтың өз көзімен көре алмай, қиналып жүргенін жеткізді. Ай сайын жарыққатөленетін төлем ақысын өз бетінше есептеп шығаруға ауыл халқының қауқарсыздықтанытып отырғанын айтқан ол бұған құзырлы орындар тарапынан қандай да бір шаражасалса деген талап-тілегін білдірді.

Ауыл ішін аралап шыққанымызда барлық тұрғын үйлер мен мекемелердің жарықесептегіш құралдары шынымен де әрбір нысанға жақын орналасқан тоқ сымдарыбағаналарының ұшар басына іліп қойылғанын аңғардық. Оның себебін білумақсатында аталмыш компанияға қоңырау шалғанымызбен, жауапты мамандарментілдесе алмадық.

Қалай дегенде де, есептегіш құралдарын орнатуда мамандардың үйқожайындарымен, ауыл халқымен санаспай, ойларына келгенін жасай салғаны түсініксізойларға жетелейді екен. Оны орнатуда халықтың талап-тілегі ескерілмегенінеқарағанда, құзырлы орындар тарапынан ақжармалық ағайынға электр энергиясыныңесебін өз көздерімен көріп отыру үшін бір-бір кран алып беретін шығар.

ЕрбақытЖАЛҒАСБАЕВ,

Қызылордаоблысы   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49