Абайдың атын қимайды

16.06.2020, 12:46

3

Қарағанды жұрты биылғы қаңтарда «орыстіліндегі атауы ескіріп, мағынасын жоғалтқан көше атауларын өзгертеміз» деп бірдүрліккен еді. Шынымен де кеншілер қаласында кеңестік дәуірді еске салатынОктябрь, Коммунистер, Ленин деген атаулармен қоса, Бабушкина, Кувская, Защитная,Кочагарька деген мағынасы ескірген көше атаулары өте көп. Шынын айту керек, кеншілерқаласында қазақша көше атаулары өте аз. Қаланың орталық көшесіне қарайұзыннан-ұзақ созылып жатқан  Ленин көшесінің атауын өзгертуге осы уақытқадейін Қарағанды билігінің жүрегі дауаламаған. Өйткені «қаланың  дамуынаүлес қостық» дейтін бұрынғы коммунистер барынша қарсылық танытып келді.

Осы жылы Қарағандыбилігі мағынасы ескірген көше атауларын ауыстыруды жөн деп шешіпті. Шенділердіңмұндай байламға келуіне көше атын өзгертуге ниет білдірген тұрғындардың өтінішіде әсер етіпті.  Атаулары өзгертілуге жататын 10 көше таңдап алынып,қаңтар айында қоғамдық тыңдау өткізілген еді. Осы көшелердің тізімінде Ленинкөшесі де бар. Коммунистер көсемі атындағы  көшеге  ұлы Абайдың атын беру жоспарланған.Көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдауға 1000-нан астам тұрғынқатысып, олардың басым бөлігі ескірген көше атаулары ауыссын деп дауысберген.  Енді соңғы шешімді республикалық ономастика комиссиясы шығаруытиіс болатын. Алайда бұл комиссия «биыл көше атауы өзгермейді» деген шешімқабылдапты.

   Қоғамбелсендісі, қарағандылық Жексен Әбдірахманов «ана тілін білмесе де,билікте отырған ықпалды адамдар бұған жол бермей отыр» деп есептейді.
«Бізде өз ана тілін білмейтін, сөйте тұра министр болып жүргендер көп. Олардаұлттық рух, намыс деген мүлдем жоқ. Ономастика комиссиясы батыл шешім қабылдайалмайды. Оларға қазақ тілін білмесе де, билікте отырғандар ықпал етіп, көшеатауын өзгертуге жол бермей отыр. Енді не істеуге болады, қыста 10 көшенің атынөзгертеміз деп қанша жанталастық, енді соның барлығы бекер болғаны ма?!Мемлекеттік тіл деңгейін көтере алмай шаршадық», – деп мәлімдеді қоғамбелсендісі Жексен Әбдірахманов.

Жұрт күткенжаңалықтың биыл жүзеге аспауына ономастикалық комиссия алда өтетін халықсанағын себеп қылып отыр.
«2020 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық санаққа байланыстыономастика жұмыстары уақытша тоқтатылды. Осыған орай, республикалық ономастикалықкомиссиясына ұсынылған 10 көшенің атауын ауыстыруды қарастыру атап айтылған шектеу алынып тасталған соң жалғастырылады», – дейді Қарағанды қаласымәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы  БаянНұртаева.
Дегенмен қоғам белсенділері 10 көшенің атауын өзгерту «жабулы қазан жабулы»күйінде қала ма деп күмәнданады.
Осылайша кеншілер қаласы  Абайға арналған бір көшесі жоқ қала болып қалабермек. 

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34