Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

16.06.2020, 12:58

5

Соңғы екі жыл қоғамда қазақ әйелдерінің наразылығы күшейіп тұрған тұс.Пикетке, митингіге шығып, әкімге шағымданып, министрліктердің есік алдына түнепжүргендер тек қана қазақ әйелдері. Билікті диалогқа шақырып жүргендердің басымбөлігі де қазақ аналары. Ал енді осы қазақ әйелдерін көшеге алып шыққан қандайжағдай? Атойлап айқайламақ түгіл, еріне имене сөйлейтін қазақ әйелі неге қайта-қайтабилікке наразылығын білдіріп кетті? Қазақ әйелін ашындырған не?  

     Аналар арандап жүрген жоқ па?

 Аналардың көшеге шығып, күйініп жүргендеріне қатысты қоғамда «Ереуілгешығатындар баяғы сол бір адамдар. Ылғи бір адамдарды көреміз. Олардың түрін дежаттап  алдық» дейтін  пікірлер  бар. Осыған қарап, тіпті «наразылық шарасынашығатын аналар арандатушылар емес пе» деген де ой келеді. Бұған байланыстыжурналист Ержан Жаубай Facebook-тегі парақшасында: «Өз басым митингіге қатысыпкөрген емеспін. Бұл менің қорқақтығым не ел мәселесінде шетін қалғандығымнанемес.  Митинг мәдениетін меңгермегенімізден,митингіге шығудың соңы жанжалға, арандатушылыққа ұласып кетеді.  Ал «ақша жоқ» деп шулайтын, елді шулататынаналарды түсіне алмадым. Маған сол кісілер маникюр, педикюріне ақша таппайқалған кезде көшеге шығатын секілді көрінеді. Олай дейтінім, «осы шеругешығушыларды қаржыландыратын арнайы қор құрылып, шу шығарған аналарға ақшатөлейді екен» деген сыбыс естідім. Шынымен мұқтаж жандар көшеге шықпайды, меніңойымша. Олар көшеге шықпақ түгіл, «бүгін тамағымды қалай табамын» деп басқатырады. Тағы бір ойым, сол көшеге шыққан аналардың күйеулері қайда екен дегенсауалға тіреледі», – деп жазды.

  Рас, елде ана мен балаға қатысты қордаланып қалған мәселелердің жеткілікті екенін біз жақсы білеміз. Бұлжайында жазып та жүрміз. Бірақ наразылық шарасына шығатын аналар жайлы айтылғанмұндай пікірлер бізді бейжай қалдырмады. Сауалымызды әлеуметтанушы-маман СерікӘбдібековке қойған едік. Маманның айтуынша,  көшеге шығатын аналардың арасында  белсенділері де бар. Бірақ «олар елдіарандатушылар, белгілі бір қордан қаржы алып, көшеге шығушылар» деуге тағыкелмейді. «Олар үлкен әлеуметтік мәселені қозғап отырғаннан кейін қоғамныңқолдауын тауып отыр. Мысалы, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда бес бала тірідей өртеніпкетті. Осы оқиға әйелдердің ішінде бұғып жатқан талай проблемаларын сыртқа алыпшықты. Көпбалалы аналардың арасында жеке мүддесін көздеп, өзінің мәселесіншешіп алу үшін әкімдерге барып, партиялардың есігін қағып, министрлергемәселесін айтып жүргендер де бар шығар. «Бес саусақ бірдей емес». Тіпті шынмұқтаждары, көмекке шын зәрулері шеруге шықпай, именіп  қалуы да мүмкін. Бірақ  елдегі ана мен бала мәселесінің әбдентүйінделіп қалғанын жасырмау керек. Мәселе бар ма – бар. Билік оны шешудіңжолдарын қарастырмаса, кеше 15 адам шықса, ертең олар топ болып шығады.Сондықтан билік аналармен диалог орната білуі керек», – дейді әлеуметтанушыСерік Әбдібеков. 

  Деректер не дейді?

 Жалпы, осыаналардың наразылығына қатысты еліміздегі «Барометр» талдау-зерттеу орталығы Алматымен Нұр-Сұлтанда тұратын, жалпы саны 1 млн 200 мың ана қатысқан сауалнамажүргізіпті. Орталық жүргізген зерттеулердің қорытындысына жүгенсек,жұмыс істемей, отбасының бабын тауып, ас-суын әзірлеп,үйде отыратын қазақ әйелдерінің 76 пайызы елдегі әлеуметтік қамсыздандыру,жәрдемақы тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек белгілеу жөніндегі шараларғакөңілі толмайды. Үй бикелердің 10 пайызы бұл жағына аз-аз қанағаттанатындарынайтқан. Жұмыс істемей, бала күтіміне байланысты немесе тағы басқа себептерменүйде отырған әйелдердің 14 пайызы өздерінің болашақтарына мүлде сеніммен қарайалмайтындықтарын, зейнет жасына жеткенде шынымен де зейнет көретіндерінесенімді емес екендеріне қатты алаңдайтынын баса айтыпты.

   Өзгелерде қалай?

Осылайша бізде ошақбасында жүрген қазақ әйелдерінің басым бөлігі орта жастан асқандағытағдырларына алаңдап отырған жайы бар. Ал өзгелердің үйіндеотырған әйелдеріне көрсетер құрметін мысал етсек, Германияда қандай да бірсебеппен – бала күтіміне немесе жұмыстан қысқарып қалуына байланысты үш баласыбар әйел адам үйінде алты ай мерзімнен артық отырар болса, өкіметтен арнайы 900евро жалақы алады. Ал финдік әйелдер 760 евро көлеміндегі жәрдемақы алса,Голландияда мұндай үйде отыратын әйелдерге ай сайынғы төленетін жәрдемақының еңтөменгі мөлшері 600 евроны құрайды екен. Бір ескеретіні, біз үлгі етіп отырғанелдердегі үй бикелері бірінші бастапқы кезеңдері жұмыс істеген болса,жинақтаушы қорының есебінен, екінші кәсіпорынның жинақтаушы қорынан, үшіншітіптен жұмыс істемеген әйел болса, мемлекеттік бюджет есебінен жәрдемақы алады.Міне, осы үш бірдей қордан алынатын қаржы Еуропа әйелдерінің өмірін қамсыз еткеніанық.

 Бұл ретте, «Жас Алашқа» пікір білдірген маркетингтік-зерттеу орталығының сарапшысыМарал Төртенова былай дейді:«Әрине, біз өзімізді Еуропамен салыстыра алмаймыз. Бірақ мен Германия, Голландияелдерінде болдым. Аталмыш елдерде әйел адамның асырауында үш баласы бар ма, оләйел жұмыссыз ба, мемлекеттік органдар оған дереу жәрдемақы рәсімдейді. Ал бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әйелдерге бұл елдердеарнайы жалақы төленеді. Қазірде көптеген елде мұндай жүйе бар. Жапонияның «Балакапиталы» атты арнайы бағдарлама қабылдап,жаңа туған балағамемлекеттің арнайы капитал салуы, Ресейдегі «Ана капиталы», Оңтүстік Кореяеліндегі «Бала ресурсы» бағдарламалары бізге сабақ болатын дүниелер.Әттеген-айыбіздің атқарушы биліктің мұндай үрдістерді ескере бермейтіндігі».

      Жәрдемақы жетпейді

Негізінде, біздің елімізде де дүниеге келгенәрбір балаға азды-көпті жәрдемақы қарастырылған. Дегенмен, мамандардыңпайымынша, біздегі бала күтіміне қатысты берілетін жәрдемақы тым мардымсыз. «Бұл жерде мәселе жұмыс істейтін әйелдер жайлы емес,жұмыс істемейтін, жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитын әйелдер жайындаболып отыр. Олар жұмыссыз жүріп, өмірге бала әкелетін болса, бір жылға дейінбала күтіміне 10 000-15 000 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Мұндайтабысқа өмір сүріп, бала өсіру мүмкін емес. Сондай-ақ біздегі барлық төлемдермен жәрдемақылар тек бір жылға арналған. Елімізде бір жастағы баланы ешқайда балабақшағабере алмайсыз, оның үстіне балабақша тапшылығы сезілуде. Сәйкесінше, осы екіжылда бала күтіміне байланысты әйелдердің басым бөлігі табыссыз қалады.Сондықтан әйелдерге бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақынытым құрығанда төменгіжалақымен теңестіре алса жақсы болар еді», – дейді Марал Төртенова.

      Зейнетжасында қайтеді?  

Мамандардың пайымынша, әйелдердің ашынып, биліккебазына айтатын жөні бар. Себебі қазақ әйелдерінің еңбегі ескерілмей жатқанырас. Мысалы, қазірде олардың жинақтаушы зейнетақы қорында салынған қаржысы жоқ.Мұндайда  әсіресе ауылдық аймақтардажұмысы жоқ, күнделікті істейтін күйбің тірлігі көп әйел қауымының еңбегіескерілуі қажет. Қалада жалақысы аз жұмысқа орналасса да, әйел тірлігін жасар,бұл жерде, әсіресе ауылдық жердегі әйелдердің еңбегі ескерілмей жатыр. Олардың орта жастан асқанда өмірлеріне алаңдайтыны да осыдан.Сондықтан бізге жұмыс істейтін әйелдер мен жұмыс істемейтін әйелдерге қатыстыарнайы бір тереңдетілген мемлекеттік жоба ұйымдастырып, соны реттеп алу қажеттәрізді.

 Ал бұл арада біздің үкімет ширақтық таныта ма, әлде көшеге шыққанәйелдердің барлығын «шәпілдеген шәуілдектерге» теңеп, бейқам отыра бере ме,  ол жағын алдағы уақыт көрсетер. Бізгеаналардың жыламағаны, өзіне тиесілі нәрсені биліктен алақан жайып сұрамағаныкерек-ақ.

 

Тақырыпқа тұздық

Шенеуніктер «баланы өзің үшін тудың» деген түсініктен арылуыкерек

Тақырыпқа орай, «Жас Алаш» Қазақстандағы20 бала тапқан ана Қамаш Сейітжанованың пікірін білді:

­

– Біздің елде өзкүшіне сеніп жүрген аналарымыз қаншама?! Соны көргенде, расымен де, біздіңшенеуніктерге «тусаң өзің үшін тудың» деген сананы өзгерту керек екенін пайымдайсың.Біз болашақта қазақтың көбейгенін қаласақ, осы бір «мен үшін тудың ба» дегенойдан арылғанымыз абзал. Өзге елдердің көпбалалы аналарға жасап отырғанжағдайын көріп, тағы бармақ тістейсің. Біз бір жасқа дейін берілетін болмашыжәрдемақы мен көпбалалы аналарға төленетін 17 мың теңгені айтып аналардыемексітеміз. Бұл болмашы қаржы аналардың проблемасын шеше алмайтынын атқарушыбилік білмейді емес, біледі. Бірақ біле тұра, соны сезінгісі келмейтіні қоғамғақауіпті.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27