Өзбек, тәжік пен қырғыз мигранттары Қазақстанға ағылайын деп отыр

16.06.2020, 13:05

17


 Тәжікстан,Өзбекстан мен Қырғызстан құрдымның алдында тұр. Өйткені осы аталған үшреспубликаның экономикасы Ресейдегі миллиондаған мигранттарының ақшааударымдарына тым қатты тәуелді. Нақты қанша азаматтарының заңды-заңсыз мигрантболып, Ресей бастаған бөтен мемлекеттерге босып, ақша тауып жүргенін бұлелдердің өздері де анық білмейді.

Іс жүзінде жылдар бойы миллиондаған тәжік,өзбек және қырғыз азаматтары ақша табамын деп, Ресей Федерациясына жол тартып,сол жақтан өз еліне ақша аударып келген. Миллиондаған транзакциялар арқылы туыстарынакөмек ретінде ағылатын сол ақша мигранттардың, тіпті өз елдеріндегі бүтінөңірлердің экономикасын қолдап келді.

Енді жағдай күрт өзгерді. Коронавируспандемиясы әкелген дағдарыстың кесірінен ақша аударымдарының көлемі қаттықысқарды. Ресейде жүрген көптеген мигрант амалдың жоқтығынан үйіне қайтты. Пандемияжағадан алғанда мұнай бағасының құлдырауы балақтан тартып, мигранттардың табатынжалақылары да күрт азайды. Мәселен, Қырғызстан қазір-ақ дабыл қағып отыр,өйткені Ресейде жүрген әрбір бесінші қырғызстандық жұмысынан айырылып қалғанекен.

Аленді елестетіп көріңіз, 6 миллион халқы бар Қырғыз Республикасының ресми дерекбойынша 650 мың адамы (бейресми деректер кемінде 1 миллион  дейді) Ресей Федерациясында жұмыс істеп жүр. Өткенжылы олардың өз еліне аударған қаржысы 2 миллиард долларға жеткен екен. Бұлдегеніңіз – Қырғызстанның ішкі жалпы өнімінің анау-мынау емес, тура 30 пайызы.

Ішкіжалпы өнім дегеннен шығады, жалпы алғанда, Қырғызстан мен Тәжікстан әлембойынша мигранттар ақшасына ең тәуелді мемлекеттер. Ресми деректер кемінде 1,2миллион тәжікстандықтың Ресейде жұмыс істеп жүргенін мойындаған. Өткен жылыолар өз еліне 2,5 миллиард доллардан астам ақша аударған. Орталық АзиядаТәжікстан мигранттардың ақшасына өте-мөте тәуелді мемлекет.

Өзбекстандамұндай тәуелділік сәл төмендеу. Сыртта жүрген мигрант-жұмысшыларының ақшааударымдары елдің ішкі жалпы өнімінің 15 пайызын қамтиды. Бірақ ТМД елдеріарасында транзакциялар көлемі бойынша Өзбекстан бірінші орында. Мысалы, 2019жылы мигранттардың арқасында Ресейден Өзбекстанға 4,7 миллиард доллар ауыпкеткен. Неге десеңіз, Ресейдегі мигранттарының саны бойынша Өзбекстан көшбасшыорында, былтыр Ресейде 1,5 миллионнан астам Өзбекстан азаматы жұмыс істеген.

Енді аталған үш республикада сырттағы ағайынның Отанындағы туған-туысынаақша жіберетін транзакциялары күрт азайды: үш елдің ішкі жалпы өнімі «өлетін»тұсын «өлшеуге» кірісе берсе болады. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандатұтас аймақтар мен облыстар Ресейде жұмыс істейтін туыстарының арқасында күнінкөріп келгенін жоғарыда айттық. Енді әлгі мигранттар жұмыссыз қалып, үйлерінеқайтып жатыр. Ол елдердегі онсыз да жоғары жұмыссыздықтың деңгейі одан сайынөрши түсетіні анық. Мұның соңы жүздеген, мыңдаған отбасылар үшін жаппайжоқшылық пен қатқан кедейлікке әкеп соқпайтынына еш кепілдік жоқ.

Халық бұл жағдайдан шығудың жолын іздеп, нантабу мен жанбағыстың жаңа жолдарын қарастырып жатқанда Біріккен Ұлттар Ұйымыкоронавирус пен мұнай бағасының құлдырауынан келген бұл дағдарысты Екіншідүниежүзілік соғыстан кейінгі ұлы дағдарысқа теңеп жіберді.

  Сонымен, Ресейде жұмыссыз қалған тәжік, өзбек пен қырғыз мигранттары енді  Қазақстанға ағыла бастаса таңғалудың реті жоқ.

  Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28