Шымкенттің әкімі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

16.06.2020, 15:23

7

Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртановтың COVID 19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғаннанкейін «Шымкенттіңәкімі Мұрат Әйтенов те ауырып қалған жоқ па?»деген сауалдар көбейе бастады. Себебі өткен сәрсенбіде Біртанов Шымкенткекеліп, қалалық жұқпалы аурулар орталығын (госпиталь) ашқан болатын. Ақпаратқұралдарында әкім мен министрдің бірге жүрген суреттері жарияланды.  Осыдан кейін жоғарыдағы сауалдың қойылуызаңды, әрине.

Алайдаәкімнің баспасөз хатшысы Арай Есенбек Мұрат Дүйсенбекұлының денсаулығына төнген қауіп жоқ екенін мәлім етті.

– Иә,Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялықгоспиталь ғимаратымен арнайы келіп танысқан болатын. Десе де, қала әкімі оғандейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырғантест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көпшоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. Алжиындарды онлайн режимде өткізіп отыр. Яғни, сақтық шаралары өз деңгейіндесақталуда. Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19вирусына тест тапсырып тұрады. Қала әкімінің денсаулығы үшін алаңдағаназаматтарға алғыс айтамын!-деп жазды баспасөз хатшысы фейсбуктегі парақшасында.

Шымкентқаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді.COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар.

Сондай-аққала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикағақосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген.

Бақытжан ӘБДІРАШ,

Шымкент

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28