АҚШ президенті полицияны реформалау туралы жарлыққа қол қойды

17.06.2020, 16:12

54

Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізу бағдарламасын жетілдіріп, психикалық саулықты қорғау мүмкіндігін арттыруды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «Америка дауысы» сайты жазды.

Жаңа жарлық полиция департаменттеріне күш қолданған кезде жаңа стандарт бойынша жұмыс істеуді ұсынады. Бұрын заң бұзған адамдардың полицейлер қатарына кірмеуі үшін қызметкерлерді іріктеуге мұқият көңіл бөлінбек.

«Америка дауысы» сайтының жазуынша, бұған қоса АҚШ конгресінде полицияны реформалау туралы заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Өкілдер палатасы мен сенатта жүргізіліп жатқан жұмысқа қосатынымыз бар, бұл анық" деді Трамп.

Ақ үйде жарлыққа қол қою рәсіміне полициямен қақтығыс кезінде қаза болған америкалықтардың туыстары да қатысты. Президент полицияның қоғам алдында есеп беруі маңызды екенін, кәсіби біліктілікті арттыру және қызметкерлердің моральдық стандарты туралы да айтты. Трамп Барак Обама әкімшілігін сынап, бұл мәселені тіпті шешуге де тырыспады деп айыптады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42