Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

17.06.2020, 12:44

3

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны неліктен артып бара жатқанын түсіндірді. 

«Науқастардың санының өсіп бара жатқан себебі – әлеуметтік, еңбек қатынастары бойынша, отбасылық байланыстың, қарым-қатынастың артуында жатыр. Себебі жұқтыру жағдайларының сипаты ұқсас: не еңбек ұжымдарында, не отбасының өз ішінен шығуда. Өкінішке қарай, адын алу шараларын сақтамаудың салдарын көріп отырмыз. Адамдар маска тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Сонымен бірге, өз жұмысын бастап кеткен нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим лайықты дәрежеде сақталмайды», — деді Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігінің «Министрлік хабарлайды» айдары бойынша Facebook-тен сөйлеген сөзінде.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарларда коронавирус жұқтырған 5 795 пациент бар. Оның 119-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда елімізде аталмыш індет жұқтырғандардың саны 15 192 болды, 9 647 науқас індеттен емделіп шықты. Ал, 88 науқас инфекциядан қайтыс болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34