Елде сотталғандардың жақындары тұтқындардың "жаппай ауырып жатқанын" айтады. ҚАЖД жоққа шығарады

17.06.2020, 19:58

3

Осы аптада Алматы облысы Заречное елді мекеніндегі ЛА-155/12 колониясындағы тұтқындардың «көбінің дене қызуы көтеріліп, ауырып жатқаны, оларға медициналық көмек көрсетілмей жатқаны туралы» ақпарат тарады. Тұтқындардың бірінің туысының Азаттыққа айтуынша, 16 маусымда колонияда отырған күйеуі таксофонмен хабарласып, тұтқындардың көбінің «белгісіз аурумен» ауырып жатқанын айтқан. «Ол коронавирус па, жоқ па белгісіз, бірақ ауырып жатқаны рас» дейді.

«Күйеуім өзін нашар сезініп, денесі ауырғанын, басы меңзігенін айтты. Дене температурасы да болған. Ол сотталушылардың жартысы өзі сияқты ауырып жатыр деді. Күйеуім таңертеңнен бастап түске дейін кезекке тұрып, медициналық бөлімге кіре алмаған» дейді ол. Оның айтуынша, колонияда дәрі-дәрмек те жетіспейді.

17 маусымға қараған түні құқық қорғаушы Елена Семенова Facebook-тегі парақшасында осы жағдайға байланысты «сотталушыларды медициналық бөлімге кіргізбеу фактісі бойынша» прокуратураға шағым түсіргенін жазды.

«Түрмелер жабық, фактілер бойынша не болып жатқанын білу мүмкін емес, туыстары жақындарын көре алмай жатыр. Ал таксофонмен көп айта айлмайсың. Соңғы уақытта таксофондар да бұзыла бастады» деп жазды.

Азаттық тілшісі ЛА-155/12 колониясына хабарласқанмен жауап ала алмады.

Ал Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі «колонияда тұтқындар ауырып жатыр, дәрі-дәрмек жетіспейді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

— Мекемеде дәрі-дәрмек жетіспейді немесе медициналық көмек көрсетілмейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 15 маусымда біз өзіміз осы мекеме аумағында болғанбыз. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары сол мекемеде мониторинг жүргізді. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі өкілдері мекеменің медициналық бөліміне де тексеріс жүргізген. Дәрі-дәрмектің жететініне көзі жетті. Тұтқындарға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын көрді. Қазір түрме қызметкерлері арасында, сотталушылар арасында да коронавирус инфекциясы табылған жоқ" деді департаменттің баспасөз хатшысы Әділет Сағымбаев.

Оның айтуынша, 12 маусымда Қапшағай қаласының клиникалық ауруханасының терапевт, окулист, хирург, отоларинголог сияқты маманданған қызметкерлері тұтқындарды кәсіби тексерістен өткізген. Коронавирус белгілері байқалған адам анықталмаған.

Сәуір айының соңында Қазақстандағы түрмелерде бірнеше адамға коронавирус жұққаны хабарланған еді. 26 сәуірде Алматы облысы Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан тұтқыннан коронавирус табылған. Сол кезде жергілікті БАҚ коронавирус табылған мекемедегі «жағдай күрделі» деп жазған. Бұған дейін кейбір колонияларда маска тапшылығы, дәрі-дәрмек жетіспейтіні туралы хабарлама болған. Бірақ ҚАЖК жоққа шығарған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 9500-ден көбі жазылған. 88 адам қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04