17.06.2020, 12:28
83
Жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіменНұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Бейбітшілік және Келісім Сарайы»Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынында (МКҚК) жұмыс істейтін лауазымдытұлғалардың қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.
Аталған лауазымды тұлғалар 2017 жылдың қазан мен желтоқсанайлары аралығында тауарларды көтеріңкі бағамен заңсыз мемлекеттік сатып алуарқылы мемлекетке МКҚК атынан аса ірі көлемде залал келтірген.
Осылайша, тергеу барысында МКҚК лауазымды тұлғаларына үлестесмемлекеттік сатып алуға қатысты жасанды тұлғаға рәсімделген «Astana artcreative group» ЖШС анықталды.
Тергеу органдарының сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша МКҚКбас директоры мен оның орынбасары және бөлім жетекшісінің әрекеттері ҚР ҚК 189бабының 3 б., 2 т. мен 4 б., 2 т. бойынша сараланды.
Көрсетілген қылмыс үшін ҚР ҚК 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
2020 жылдың 30 наурызында. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2соты үкімімен МКҚК бас директоры 8 жылға бас бостандығынан, оның орынбасары(оның әрекеттері ҚР ҚК 361 бабының 4 б., 1 т. сараланды) 3,6 жылға басбостандығынан, бөлім жетекшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
2020 жылдың 15 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық сотыинстанциясымен айыпталушыларға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР