Қазақстан парламенті дау тудырған "Денсаулық кодексін" қабылдады

17.06.2020, 12:44

26

17 маусымда мәжіліс «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сенат ұсынған өзгерістермен келісіп, оларды мақұлдады. Осылайша құжат қабылданып, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Бұған дейін сенат ұсынған өзгерістер арасында ата-аналарға екпеден бас тарту құқығын беру, ірі медициналық қателік жасаған дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты өзгерістер болған. Жаңа кодекске сәйкес, дәрігерлер қателігіне байланысты қылмыстық іс қозғау үшін өтінішке арнайы тексеру мен ревизия қорытындылары тіркелуі керек. Онсыз іс қозғалмайды.

Сәрсенбі күні парламентте денсаулық кодексі қабылданып жатқан кезде Алматыда денсаулық сақтау саласының сарапшылары жиналып, кодекс төңірегіндегі бірқатар мәселелер туралы айтты.

ҚазТАГ сайтының жазуынша, мысалы неврапотолог Қайырғали Конеев денсаулық туралы жаңа кодекстегі бірқатар баптар жемқорлыққа жол ашуы мүмкін, онда белгілі бір топтардың мүддесіне пайдалы нормалар бар деп санайды.

«Кодекстегі баптардың бірінде „Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық оператор“ компаниясын құру туралы жазылған. Бұл ұлттық оператордың функциясы денсаулық сақтау саласына инвестиция құюды ұйымдастыру. Айталық, егер инвестор қандай да бір аймақта клиника салғысы келсе, ол міндетті түрде осы делдал ұйымның алдынан өтуі тиіс. Не үшін? Не үшін екенін барлықтарыңыз білетін шығарсыздар» деді Конеев.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42