Камалжан Надыров: Вирустың нақты емі болмағанына қарамастан, дәрігерлер барын салуда

17.06.2020, 12:52

40

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров

Facebook-те өз атына түскен сауалға берген жауабында қаладағы жағдай «өте қиын» екенін айтты. Ол денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес екенін және бұл ресурстар дамыған елдерде де тапшы екенін атап өтті.


 «Аурудың өсуі байқалады. Соңғы күндері қалалық ауруханаларға күн сайын 100-ден астам пациент қабылданып отыр. Ал клиниканың орташа сыйымдылығы 200-300 кереуетті құрайды. Сәйкесінше, сұранысты қанағаттандыру үшін әр үш күн сайын инфекциялық аурухананы ашу қажет. Бұл – әрине, мүмкін емес. Бүгінгі таңда қалада Covid-19 науқастарын емдеу үшін 10 клиника қызмет көрсетеді. Қазір 1300-ден астам пациент ем қабылдап жатыр. Қолданыстағы клиникаларды коронавирусты емдеу үшін қайта құру мүмкін емес. Өйткені олар басқа патологиялардан (инфаркт, инсульт, аппендицит және т.б.) өмірді сақтайды. Күн сайын қалада 2500-ден астам төтенше жағдай орын алады. Әңгіме тек бос төсек орны туралы ғана емес, сонымен бірге емделушілермен жұмыс істеуге дайын медициналық топтар туралы болып отыр», — деп жазды Камалжан Надыров. 

Сонымен қатар, ол өкінішке орай, дәрігерлер тек орташа және ауыр дәрежелі науқастарды іріктеп, ауруханаға жатқызуға мәжбүр екенін атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы медициналық көмек дәрігерлеріне жүктеме де айтарлықтай артты. 

«Осы вирустың нақты емі болмағанына қарамастан, дәрігерлер барын салуда. Сондықтан біз тұрғындарды мамандардың ұсыныстарын ескеріп, ойлануға шақырамыз», — деп толықтырды Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42