Надыров: Алматыда ауруханаға күнде 100-ден астам COVID-19 жұққан науқас түседі, жағдай күрделі

17.06.2020, 13:50

42

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Надыров қалада коронавирусқа байланысты ахуал «шынында да күрделі» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын қалалық ауруханаларға жүзден астам науқас түседі.

"Қалада жағдай шынымен күрделі. Денсаулық сақтау жүйесінің ресурсы шексіз емес. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі бізден ондаған есе көп дамыған елдерде де ресурстар жетіспей жатыр. Науқастар саны көбейіп жатыр. Соңғы күндері қалалық клиникаға жүзден астам пациент түсіп жатыр" деді Камалжан Надыров Facebook желісінде. Ол бұл пікірін жергілікті журналистің жазбасына пікір ретінде қалдырған.

Надыровтың айтуынша, ауруханаларда орташа есеппен 200-300 орын бар, ал бұл сұранысты қанағаттандыру үшін мүлде жетпейді. Қазір қалада Covid-19 жұқтырғандарды емдейтін 10 клиника бар. Онда 1300 науқас емделіп жатыр. Надыров «бар клиникаларды COVID-19 жұқтырғандарды емдейтін орынға айналдыруға болмайды, себебі өзге аурумен ауыратындар медициналық көмекке зәру болып қалады деді.

»Күн сайын қала бойынша 2500-ден астам шұғыл шақыртулар болады. Мәселе тек бос орындарда ғана емес, COVID-19 жұқтырғандармен жұмыс істеуге дайын дәрігерлер бригадасы туралы болып отыр. Өкінішке қарай жағдайы орташа және ауыр науқастарды ғана ауруханаға жатқызуға мәжбүрміз. Жедел жәрдем қызметінде істейтін дәрігерлерге түсетін салмақ артты" деді Надыров.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 4098 адамнан коронавирус табылған. 2098 адам жазылған. 13 адам қайтыс болған. Шамамен 1,7 млн тұрғыны бар Қазақстандағы ең ірі қала республикада вирус жұқтырғандар саны жағынан алда тұр.

17 маусымда Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы да ауруханадағы күрделі ахуал туралы айтты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықованың айтуынша, Нұр-Сұлтанда стационарлардың 90 пайызы — бос емес, ауруханаға күн сайын 500 адам түседі, екінің бірі — пневмония.

«Егер жыл басында күніне орташа есеппен пневмонияға шалдыққан 5 пациент түссе, маусымнан бастап күн сайын 500 адам түсіп жатыр. Екінің бірінде — вирустық пневмония бар, 90 науқастың жағдайы орташа ауыр және ауыр» деді Сәуле Қисықова.

Оның сөзіне қарағанда қазір Нұр-Сұлтанда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1711 адам жатыр. Олардың 80-і — реанимация бөлімінде. Соңғы уақытта жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар 4 есе өскен.

Қисықованың айтуынша, соңғы уақытта күніне орта есеппен 150-ден астам адамнан коронавирус анықталып жатыр. 50 пайызында ауру белгісі жоқ. Бұған дейін қалада 170 мың тест өткізілген. Зертхананың 20-дан астам қызметкеріне коронавирус жұққан.

Бұған дейін Түркістан қаласында да коронавирус жұқтырғандардың артқаны, ауруханада орын тапшылығы туралы ақпарат шыққан еді.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қазақстанда ауруханаларда орын жеткілікті деп айтқан болатын.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42