АҚШ-та вирустан көз жұмғандар елдегі 1914-18 жылғы соғыстың құрбандарынан асып түсті

17.06.2020, 16:12

49

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны елдің Бірінші дүниежүзілік соғыстағы құрбандарынан асып түсті. Кей штаттарда инфекцияның тарауы үдей түсті.

Коронавирустың таралуын бақылап отырған Джонс Хопкинс университетінің 17 маусымдағы мәліметінше, АҚШ-та коронавирусты кемі 2,13 миллион жұқтырып, 117 мың адам індеттен айыға алмай көз жұмған. Коронавирустан көз жұмғандар елдің Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан азаматтарынан асып түсті. Ол соғыста АҚШ-тың 116 516 сарбазы қаза тапқан. Оның 53 402-сі шайқаста, 63 114-і 1918 жылғы тұмау эпидемиясынан қайтыс болған.

Коронавирус дүние жүзі бойынша 8,2 миллион адамнан анықталып, 444 мың адамның өліміне әкелді.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп экономиканы қалпына келтіруге басымдық беріп, вирусты жұқтырғандар саны 2,1 миллионнан асса да, елдің карантинге қайта жабылмайтынын айтып келеді.

АҚШ, Мексика және Канада шекарасын 21 шілдеге дейін жабық ұстауға келісті.

Ал Еуропада көптеген ел осы аптада шекарасын Еуропа елдерінің азаматтарына ашты.

Франция Эйфель мұнарасын келесі аптада ашпақ. Париждіктер атақты туристік орталығын қайта ашуға қызу дайындық үстінде.

Коронавирус пандемиясы күшейген тұста Еуропа инфекциядан ең қатты зардап шеккен құрлыққа айналды. Бірақ қазір вирустың тіркелуі, өлім саны азайып, ауруханаға түсер қысым жеңілдей бастады.

Латын Америкасы коронавирус пандемиясының жаңа ошақтарының біріне айналды. Континенттегі Бразилия, Колумбия және Перу елдерінде вирус үлкен жылдамдықпен тарап жатыр. Бразилия вирус жұқтырғандар жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Елде коронавирус жоғары қарқынмен тарап, вирус жұқтырғандар 1 миллионға таяп қалды. Қайтыс болғандар саны 45 мыңнан асты.

Азияда вирустың тарауын тоқттаты деген Қытайдан жағымсыз жаңалықтар келіп жатыр. Ал Пәкістанда бір тәуліктегі COVID-19 өлімі рекордтық көрсеткішке жетті.

17 маусымда Қытай билігі вирустың жаңа ошақтары пайда болуы себепті Пекиндегі 1255 әуе рейсін тоқтатты. Соңғы алты күнде ел астанасында 137 адамнан коронавирус анықталып, қала көшелеріндегі қозғалыс шектелді.

Кәсіпорындар мен мекемелер жұмысын жалғастыра алады, бірақ үкімет қашықтан жұмыс істеуге үгіттеп жатыр. Пекин тұрғындарына қаладан маңызды себепсіз шығуға тыйым салынды. Ал шығатын болса, коронавируске тест тапсырып, нәтижесі теріс болуы керек.

Вирустың қайта тарауы қаладағы Ксинфади базарынан басталуы мүмкін. Базар демалыс күндері жабылды.

Пекин соңғы жеті аптада коронавирусты тек сырттан келген адамдардан анықтап, вирустың таралуын тежеп отырған.

Пәкістан болса, 17 маусым күні коронавирустан бір күнде 136 адам қайтыс болғанын хабарлады. Бір – тәулік ішінде қаза тапқандардың ең жоғарғы саны. Вирус құрбандарының жалпы саны 2975-ке жетті.

Британияда клиникалық тексеру дексаметазон дейтін арзан дәрінің халі ауыр COVID-19 науқастарын емдеуде тиімді екенін көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды емдеу жөніндегі нұсқаулығын жаңартып, дексаметазонды қолдануға ұсынатынын хабарлады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05