Халық қиналғанда шенділер неге Tik-tok билеп жүр?

17.06.2020, 22:32

9

Қарағанды облысында әртүрліөнерімен жұртты таң қалдырып жүрген әкімдер жетерлік. Соның бірі, заманауиәуенге «мың бұрала» билеген Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукенов болды. Әкімнің бас бұзарлықтентектігі бола қоймаған,  тек жұртжабыққан карантин шағында халықтың көңілін бір көтеріп тастауды мақсатетіпті. 

Бұл орайда, әкім мақсатына жеткен тәрізді.Наукеновтың алдыңғы қатарға шығып алып қызметкерлермен тик-ток билеген бейнежазбасы әлеуметтік желіге лездетарап, қызу талқыға түскенін біз білеміз. Артынан әкім бұл бидің шығу төркінінайтып біраз ақталды. Бірақ халық қиналып отырғанда шенділердің бұлай«шегірткеше» секеңдеп жүргені көзге қораш көрінгені тағы бар.

Әкім биінің шығу төркінінеүңілсек, Жәйрем ауылында  мәдениет саласы мамандарының кәсіби мерекесініңқұрметіне шенеуніктер би билеген. Мәдениет үйінде Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукеновпен бірге «Жәйрем» кен байыту кешені АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мүбарак Кәрібаев, мәдени — ойын сауық орталығыныңдиректоры Ақмарал Иманбекова және басқа да мәдениет орталығының мамандары бишарасын өткізген.
«Билерін әлеуметтік желі арқылы көрдік. Жалпы кәсіби мерекелері кезіндемәдениет саласы мамандарын қолдап жасаған шығар.  Бірақ елді індет меңдеген шақта халықтың жайынойлайтын әкімнің топ  алдында тұрып, ерсілеу қимылмен билегені бір түрлі»,- деп пікір білдірді аты жөнін айтудан қаймыққан Жәйрем ауылының тұрғыны.
Жәйрем ауылындағы соңы шуға ұласқан биге қатысты, Қаражал қаласының әкіміқызметтік тексеру өткізуге тапсырма берді. Тексеру барысында би билегеншенеуніктердің есінен карантиндік шектеу шараларының шығып кеткені анықталған.Олар санитарлық талаптарға орай, маска кимеген әрі ара қашықтықты сақтамаған.
«Бұл шараны өткізу барысында  карантин кезіндегі шектеу шараларыескерілмеген. Осыған орай, Жәйрем ауылы әкімі Аманқазы Наукенов «қызметтіклауазымына сай емес» деген ескерту ретінде тәртіптік жауапкершіліккетартылды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметініңжетекшісі Марина Шаповалова .
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек би билеген әкімнен кейін, барлық мемлекеттікқызметкерлерді карантин шарасын қатаң түрде сақтап халықьтың жайын ойлауғашақырды. Ал Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудепартаменті, биге қатысқан барлық мамандарға қатысты әкімшіліктік кодексбойынша шара қолдану мәселесін қарастыруда.

Арайлым Еркебаева, 

Қарағанды 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16